Профоринтациялық көмек » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Кәсіпке бастар жол”
01
июнь
2026
“Кәсіпке бастар жол”
“Кәсіпке бастар жол” жоспары аясында 10-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге УЗМАЙ зауытына экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында оқушылар зауыттың өндірістік цехтарын аралап, заманауи құрал-жабдықтардың жұмыс істеу барысымен танысты. Мамандардан өндіріс саласындағы мамандықтар, техникалық қауіпсіздік ережелері, еңбек тәртібі, жұмыс процесі туралы маңызды мәліметтер алды. Оқушылар инженер, технолог, оператор, дәнекерлеуші секілді мамандықтардың ерекшеліктерімен танысып, бұл
өрт сөндіру бөліміне экскурсия
19
май
2026
өрт сөндіру бөліміне экскурсия
2026 жылғы 18 мамырда 10 «В» және 10 «Г» сынып оқушылары Көксу ауданының өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады. Азаматтық қорғаныс қызметінің аға сержанты, №4 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Мұсабай Ерік Айтбекұлы оқушыларға танымдық дәріс өткізіп, экскурсия барысында өрт сөндіру қызметінің жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берді. Оқушылар өрт сөндіру техникасымен, қызметкерлердің күнделікті міндеттерімен және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларымен танысты. Экскурсия қызықты әрі әсерлі
кәсіби бағдар беру
21
апрель
2026
кәсіби бағдар беру
2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында Талдықорған қаласы музыкалық колледжінің мамандары мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орны туралы толық мәлімет беріп, мамандық түрлерімен, оқу үдерісімен және қабылдау шарттарымен таныстырды. Сонымен қатар, музыкалық бағыттағы білімнің ерекшеліктері, шығармашылық қабілетті дамыту жолдары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен
кәсіби бағдар
07
апрель
2026
кәсіби бағдар
Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия базасында аудан орталығындағы мектеп оқушыларына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өкілдері келіп, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға университеттегі мамандықтар, білім беру бағдарламалары, оқу шарттары мен қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының артықшылықтары, халықаралық мүмкіндіктері және студенттерге жасалған жағдайлар
Алматы авиациялық академиясы
30
март
2026
Алматы авиациялық академиясы
Алматы авиациялық академиясы өкілдері мектепте 10–11 сынып ер балаларға арналған кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға авиация саласындағы мамандықтар, оқу бағдарламалары, әскери және азаматтық авиация бағыттары, сондай-ақ оқу орнына түсу талаптары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар авиация саласының ерекшеліктері, болашағы және бұл салада қызмет атқару үшін қажетті дағдылар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін
Серпін бағдарламасы
16
март
2026
Серпін бағдарламасы
Серпін бағдарламасы бойынша Б. Құнтақбаева атындағы мектепте аудан орталығындағы мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға түрлі мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беріліп, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес болашақ кәсібін дұрыс таңдауға көмектесу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар мамандармен сұхбаттасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Мақсаты: Іс-шараның негізгі мақсаты –
«Серпін -2050»
13
май
2025
«Серпін -2050»
«Серпін -2050» бағдарламасы бойынша  Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының мамандары    оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Шара барысында: 9-11 сынып түлектеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жоғарыда аталған бағдарлама арқылы жоғарғы және арнаулы орта білім алу ошақтарына оқуға түсу жолдары туралы ақпараттар беріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
кәсіби бағыт
06
май
2025
кәсіби бағыт
Талдыкорган Авиценна медициналық колледжінен мамандар келіп 9 сыныптармен кәсіби бағыт бағдар жүргізді.
кәсіптік бағдар
05
май
2025
кәсіптік бағдар
Талдықорган Индустриалдық техникалық колледжінен, 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша арнайы маман келіп балаларды оқуға түсуге шақырды.
«Өндірістік және кәсіби бағыттағы экскурсиялар»
22
апрель
2025
«Өндірістік және кәсіби бағыттағы экскурсиялар»
«Өндірістік және кәсіби бағыттағы экскурсиялар» 9- сынып оқушылары болашақ мамандық таңдауға байланысты WORLDSKILLS KAZAKHSTAN аймақтық чемпионатына барып және мамандық түрлерімен танысты. Сонымен қатар, Талдықорған Медициналық академиясына барып, мағұлматтар алып қайтты