Серпін бағдарламасы » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2026

Серпін бағдарламасы

Серпін бағдарламасы бойынша Б. Құнтақбаева атындағы мектепте аудан орталығындағы мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға түрлі мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беріліп, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес болашақ кәсібін дұрыс таңдауға көмектесу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар мамандармен сұхбаттасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Мақсаты:
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру арқылы олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал ету. Сондай-ақ, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы толық мәлімет беріп, жастардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, жеке қабілеттері мен бейімділіктерін анықтауға көмектесу көзделді. Бұдан бөлек, «Серпін» бағдарламасының мүмкіндіктерін таныстыру арқылы ауыл жастарының жоғары білімге қолжетімділігін кеңейту, оларды ел дамуына қажетті білікті маман болып қалыптасуға ынталандыру да маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив