Педагог-логопед қазақ, орыс сыныптарына тұрақты бос лауазымға конкурс жариялайды. » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-логопед қазақ, орыс сыныптарына тұрақты бос лауазымға конкурс жариялайды.
19
март
2025

Педагог-логопед қазақ, орыс сыныптарына тұрақты бос лауазымға конкурс жариялайды.


«Жетісу облысы білім басқармасының 

Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ

 Педагог-логопед  қазақ, орыс сыныптарына 

тұрақты бос лауазымға конкурс жариялайды.


Индекс : 041200, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Панфилов көшесі 1А,

Анықтама телефондары: 8 (72838) 4-16-80


Электрондық пошта koksu_kurmanova_sh2@mail.ru

БСН: 710940000082

Тұрақты  қызмет орны: Педагог - логопед  қазақ, орыс сыныбына 

Еңбекақы мөлшері : еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

           Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні (19.03.2025 – 02.04.2025 ж) ішінде жүргізіледі. 

Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.iac.kz/  сайтына көрсетілген құжаттар тізбесін жүктеу қажет. 


Конкурсқа қатысуға төмендегідей құжаттар өткізіледі(жүктеледі):


 1.Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. 


Білуге тиіс: 

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы , "Педагог мәртебесі туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;  

Осы қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. 


Конкурстың өтетін орны: 

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Панфилов көшесі 1А.


Кандидаттардың құжаттарын қарау:

           Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік іліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді. 


Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлықты растайтын құжаттары болуы тиіс.


Байқау нәтижесі  02.04.2025  жылы жарияланады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив