кәсіби бағдар
Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия базасында аудан орталығындағы мектеп оқушыларына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өкілдері келіп, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға университеттегі мамандықтар, білім беру бағдарламалары, оқу шарттары мен қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының артықшылықтары, халықаралық мүмкіндіктері және студенттерге жасалған жағдайлар таныстырылды. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мақсаты:
Іс-шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби бағдар қалыптастыру. Сондай-ақ, жоғары білім алудың маңыздылығын түсіндіру, университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстыру және оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделді.