Алматы авиациялық академиясы » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2026

Алматы авиациялық академиясы

Алматы авиациялық академиясы өкілдері мектепте 10–11 сынып ер балаларға арналған кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға авиация саласындағы мамандықтар, оқу бағдарламалары, әскери және азаматтық авиация бағыттары, сондай-ақ оқу орнына түсу талаптары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар авиация саласының ерекшеліктері, болашағы және бұл салада қызмет атқару үшін қажетті дағдылар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Мақсаты:
Іс-шараның негізгі мақсаты – 10–11 сынып ер балаларға авиация саласындағы мамандықтарды таныстырып, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға көмектесу. Сонымен қатар, техникалық және әскери бағыттағы мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ету көзделді. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына түсу талаптары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беру арқылы оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру және бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасау да маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив