Педагог-профориентатор » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2025

Педагог-профориентатор

"Жетісу облысы білім  басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі" мелекеттік мекемесінің "Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп" КММ
Педагог-профориентатор  1 бірлік лауазымына тұрақты бос орынға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптары:
  • Педагогикалық жоғары немесе арнаулы жоғары білім;
  • Кәсіби бағдар беру, психология немесе педагогика саласында жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.

Білуге тиіс:

  • Еңбек нарығындағы өзекті мамандықтар мен сұраныстар туралы мәліметтер;
  • Оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;
  • Кәсіби бағдар беру әдістері мен технологиялары;
  • Құжат жүргізу және есеп беру тәртібі;
  • Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілері.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

  1. Оқушылардың кәсіби қызығушылығын, бейімділігін және қабілетін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізеді (тестілеу, сауалнама, әңгімелесу, бақылау).
  2. Әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке және топтық кеңестер ұйымдастырады.
  3. Мектепте кәсіби бағдар беру жүйесін қалыптастырып, жүзеге асырады.
  4. Оқушыларды еңбек нарығындағы өзгерістермен, жаңа мамандықтармен, колледждер мен ЖОО-лар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
  5. Кәсіптік бағыттағы іс-шараларды (кездесулер, тренингтер, жәрмеңкелер, экскурсиялар, шеберлік сағаттары) ұйымдастырады.
  6. Сынып жетекшілермен, психологпен, әлеуметтік педагогпен, ата-аналармен бірлесе отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын үйлестіреді.
  7. Кәсіптік бағдар беру бойынша жоспар, есеп, талдау құжаттарын жүргізеді.
  8. Дарынды және ерекше қабілетті оқушыларды анықтап, кәсіби дамуына қолдау көрсетеді.
  9. Оқушылардың мамандық таңдаудағы мотивациясын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
  10. Кәсіптік бағдар бойынша цифрлық ресурстар мен заманауи әдістерді қолданады (онлайн тесттер, виртуалды экскурсиялар және т.б.).
    Конкурсқа қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды кандидаттар ұсынуы тиіс:
    • Өтініш;
    • Жеке куәлік;
    • Жеке іс қағазы (тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефон нөмірі);
    • Диплом көшірмесі
    • Еңбек кітапшасының көшірмсесі (бар болса);
    • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
    • Наркодиспансердің анықтамасы;
    • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты;
    Мектеп мекенжайы: Жетісу облысы Көксу ауданы Балпык би ауылы Панфилова көшесі 1А
    Эл.Пошта: koksu_kurmanova_sh2@mail.ru
    Телефон номері: 7 (701)25 68 63
    Конкурсқа қатысу  үшін https://hr.nobd.edu.kz/ арқылы жүргізіледі 16.10.2025-28.10.2025 

Похожие публикации:

14 март 2022 Конкурс!!!
03 март 2022 Конкурс!!!
22 февраль 2022 Конкурс!!!
15 февраль 2022 Конкурс!!!
04 февраль 2022 Вакансия !!!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив