Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі орыс сыныптарына уақытша бос лауазымға конкурс жариялайды.
«Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі орыс сыныптарына
уақытша бос лауазымға конкурс жариялайды.
Индекс : 041200, Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Панфилов көшесі 1А,
Анықтама телефондары: 8 (72838) 4-16-80
Электрондық пошта koksu_kurmanova_sh2@mail.ru
БСН: 710940000082
Уақытша бос лауазым орны: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (орыс сыныбына)
Апталық жүктеме: 8 сағат
Еңбекақы мөлшері : еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні (19.03.2025 – 02.04.2025 ж ) ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін https://hr-nobd.iac.kz/ сайтына көрсетілген құжаттар тізбесін жүктеу қажет.
Конкурсқа қатысуға төмендегідей құжаттар өткізіледі(жүктеледі):
1.Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы , "Педагог мәртебесі туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
Осы қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурстың өтетін орны:
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Панфилов көшесі 1А.
Кандидаттардың құжаттарын қарау:
Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік іліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлықты растайтын құжаттары болуы тиіс.
Байқау нәтижесі 02.04.2025 жылы жарияланады.
