өрт сөндіру бөліміне экскурсия » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
май
2026

өрт сөндіру бөліміне экскурсия

2026 жылғы 18 мамырда 10 «В» және 10 «Г» сынып оқушылары Көксу ауданының өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.
Азаматтық қорғаныс қызметінің аға сержанты, №4 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Мұсабай Ерік Айтбекұлы оқушыларға танымдық дәріс өткізіп, экскурсия барысында өрт сөндіру қызметінің жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берді.
Оқушылар өрт сөндіру техникасымен, қызметкерлердің күнделікті міндеттерімен және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларымен танысты. Экскурсия қызықты әрі әсерлі өтті. Оқушылар мол мағлұмат алып, өрт сөндірушілер мамандығының маңыздылығын терең түсінді.
Іс-шарадан кейін оқушылар ерекше әсер алып, өздерінің қызығушылықтары мен ризашылықтарын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив