Азаматтық-патриоттық тәрбие іс-шаралары » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым»
04
июнь
2026
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым»
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Бастауыш сынып білім алушылары өз шығармашылықтарын танытып, Ту, Елтаңба және туған елге деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнеледі. Байқау барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің маңызын түсініп, оларға деген құрметтерін көрсетті. Іс-шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.  
Мемлекеттік рәміздер күні
04
июнь
2026
Мемлекеттік рәміздер күні
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Бастауыш сынып білім алушылары Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күймен арнайы дайындалған би қимылдарын орындады. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу және патриоттық рухты нығайту.  
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара
04
июнь
2026
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Бастауыш сынып білім алушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін салтанатты түрде орындап, ел рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.  
“Күншуақ» жазғы лагерінің ашылуы
01
июнь
2026
“Күншуақ» жазғы лагерінің ашылуы
“Күншуақ» жазғы лагерінің ашылуы – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында өткізілетін мерекелік іс-шара.Ашылу рәсімі Мемлекеттік Гимнмен басталып, құрметті қонақтардың құттықтау сөздерімен жалғасты. Ашылу салтанатында лагерь қатысушылары таныстырылып, жасақтар құрылып, олардың атауы мен ұраны бекітіледі. Сонымен қатар түрлі ойындар, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар мен флешмобтар ұйымдастырылады. Бұл шара балалардың бір-бірімен танысып, достық
«Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары»
25
май
2026
«Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары»
1-11 сыныптарында  «Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары» тақырыбында қорытынды тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар заңдар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын талқылап, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құрмет, жауапкершілік және қоғамдағы тәртіп пен бірлікті сақтауға ықпал ететін құндылықтар туралы әңгімелесті. Сондай-ақ оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, есте қаларлық оқиғалар мен жетістіктерді еске алды және жазғы демалысқа арналған
өрт сөндіру бөліміне экскурсия
19
май
2026
өрт сөндіру бөліміне экскурсия
2026 жылғы 18 мамырда 10 «В» және 10 «Г» сынып оқушылары Көксу ауданының өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады. Азаматтық қорғаныс қызметінің аға сержанты, №4 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Мұсабай Ерік Айтбекұлы оқушыларға танымдық дәріс өткізіп, экскурсия барысында өрт сөндіру қызметінің жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берді. Оқушылар өрт сөндіру техникасымен, қызметкерлердің күнделікті міндеттерімен және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларымен танысты. Экскурсия қызықты әрі әсерлі
«Мемлекеттік рәміздердің тарихы»
18
май
2026
«Мемлекеттік рәміздердің тарихы»
 4 «Г» сыныбында «Мемлекеттік рәміздердің тарихы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының шығу тарихымен танысып, олардың маңызы мен әрбір азамат үшін мәні туралы мағлұмат алды. Сабақ барысында оқушылар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, Отан туралы өз білімдерімен бөлісті. Осындай іс-шаралар оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті және туған елге деген сүйіспеншілікті
“Мемлекеттік рәміздер тарихы”
18
май
2026
“Мемлекеттік рәміздер тарихы”
18-мамыр күні 4”А” сыныбында “Мемлекеттік рәміздер тарихы” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихымен және мағынасымен таныстыру. Мемлекеттік рәміздердің авторларын атап, олардың маңызын түсіндіру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті және мемлекеттік белгілерге деген құрметті қалыптастыру. Сынып сағаты барысында оқушылар жаңа ақпараттармен танысып, өлең шумақтарын айтты. Жұптық жұмыстар орындап,
«Ана мен жауынгер»
13
май
2026
«Ана мен жауынгер»
«Шабыт» жобасы аясында 10 А,Г оқушылар арасында «Ана мен жауынгер» тақырыбында шағын көріністер ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ананың мейірімі мен батырлардың ерлігін дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және патриоттық тәрбие беру. Көрініс барысында оқушылар соғыс жылдарындағы аналардың төзімділігі мен жауынгерлердің Отан алдындағы ерлігін сахналық қойылым арқылы көрсетті. Кейіпкерлердің образын шынайы сомдап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар қатысушылар
“Көңілді қоңырау”
08
май
2026
“Көңілді қоңырау”
“Көңілді қоңырау” Оқушылармен өткізген ойындар.Көркем еңбек пән мұғалімдері: Абдрасилова Т.Б Мухаметкалиев Б.К