кәсіби бағдар беру » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2026

кәсіби бағдар беру

2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында Талдықорған қаласы музыкалық колледжінің мамандары мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында колледж мамандары оқу орны туралы толық мәлімет беріп, мамандық түрлерімен, оқу үдерісімен және қабылдау шарттарымен таныстырды. Сонымен қатар, музыкалық бағыттағы білімнің ерекшеліктері, шығармашылық қабілетті дамыту жолдары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірілді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Шара барысында оқушылардың өнер саласына деген қызығушылығы артып, кәсіби бағыт-бағдар алуына оң әсер етті.

Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына ықпал етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив