Оқу-тәрбиелік жұмыс » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
J-League жобасы
05
июнь
2026
J-League жобасы
J-League жобасы аясында қыздар арасында өткен волейболдан «Шұбар доп» жарысында мектебіміздің командасы І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды! 🏐🥇 Жеңімпаз қыздарымызды және олардың жетекшілерін осы жарқын жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Көрсеткен табандылықтарыңыз бен командалық бірліктеріңіздің нәтижесі зор жеңіске ұласты. Алдағы облыстық жарыста да сәттілік серік болып, мектебіміздің мерейін үстем ете беріңіздер! 💐👏 Жеңістеріңіз көп, алар асуларыңыз биік болсын!
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым»
04
июнь
2026
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым»
«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Бастауыш сынып білім алушылары өз шығармашылықтарын танытып, Ту, Елтаңба және туған елге деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнеледі. Байқау барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің маңызын түсініп, оларға деген құрметтерін көрсетті. Іс-шара жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.  
Мемлекеттік рәміздер күні
04
июнь
2026
Мемлекеттік рәміздер күні
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Бастауыш сынып білім алушылары Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күймен арнайы дайындалған би қимылдарын орындады. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу және патриоттық рухты нығайту.  
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара
04
июнь
2026
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті. Бастауыш сынып білім алушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін салтанатты түрде орындап, ел рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.  
Big Smile Kids ойын-сауық кешені
03
июнь
2026
Big Smile Kids ойын-сауық кешені
Жазғы лагерьдің үшінші күні қызыққа толы өтті! Балалар Big Smile Kids ойын-сауық кешеніне барып, түрлі ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды. Күні бойы шат күлкі мен қуанышқа бөленген балалар ұмытылмас естеліктер жинады.   
"Көңілді старт" атты эстафеталық ойындар күні!
02
июнь
2026
"Көңілді старт" атты эстафеталық ойындар күні!
Жазғы лагерьдің екінші күні – "Көңілді старт" атты эстафеталық ойындар күні! 🎉 Лагерьдің екінші күні қызықты әрі тартысты эстафеталық ойындарға арналды. Балалар бірнеше топқа бөлініп, жылдамдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын сынады. Қатысушылар доппен жүгіру, кедергілерден өту, түрлі заттарды тасымалдау секілді қызықты тапсырмаларды орындап, өзара ынтымақтастық пен командалық рухтың үлгісін көрсетті. Әр бала өз командасының жеңісі үшін бар күш-жігерін жұмсап, достарына қолдау білдірді.
“Күншуақ» жазғы лагерінің ашылуы
01
июнь
2026
“Күншуақ» жазғы лагерінің ашылуы
“Күншуақ» жазғы лагерінің ашылуы – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында өткізілетін мерекелік іс-шара.Ашылу рәсімі Мемлекеттік Гимнмен басталып, құрметті қонақтардың құттықтау сөздерімен жалғасты. Ашылу салтанатында лагерь қатысушылары таныстырылып, жасақтар құрылып, олардың атауы мен ұраны бекітіледі. Сонымен қатар түрлі ойындар, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар мен флешмобтар ұйымдастырылады. Бұл шара балалардың бір-бірімен танысып, достық
«Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары»
25
май
2026
«Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары»
1-11 сыныптарында  «Заң және тәртіп – ұлттық Конституцияның құндылықтары» тақырыбында қорытынды тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар заңдар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын талқылап, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құрмет, жауапкершілік және қоғамдағы тәртіп пен бірлікті сақтауға ықпал ететін құндылықтар туралы әңгімелесті. Сондай-ақ оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, есте қаларлық оқиғалар мен жетістіктерді еске алды және жазғы демалысқа арналған
«Ойлан! Тап!»
21
май
2026
«Ойлан! Тап!»
«Ойлан! Тап!» атты білім сайысы 5 «А», 5 «Ә», 5 «Г» сыныптары арасында жоғары деңгейде өткізілді. Сайыстың мақсаты — оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және тапқырлыққа баулу. Сайыс барысында оқушылар интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп, түрлі логикалық тапсырмалар орындады. Қатысушылар өздерінің жылдам ойлай білетінін, білімділігін және ұйымшылдығын көрсетті. Әр кезең өте қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз сыныптарының
«Алғырлар алаңы»
21
май
2026
«Алғырлар алаңы»
20 мамыр күні 7-сынып оқушылары арасында «Алғырлар алаңы» атты сабақтан тыс спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жарыс барысында оқушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайтты. Іс-шараға 7 «А» сынып жетекшісі Сүлейменова Ш.Ш., 7 «Ә» сынып
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 12 Вперед