1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектепішілік «Халықтар достығы» фестивалі өткені туралы мәлімет » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектепішілік «Халықтар достығы» фестивалі өткені туралы мәлімет
30
апрель
2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектепішілік «Халықтар достығы» фестивалі өткені туралы мәлімет

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектепішілік «Халықтар достығы» фестивалі өткені туралы мәлімет

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында мектебімізде 30 сәуір күні «Халықтар достығы» атты фестиваль ұйымдастырылып өткізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық, татулық және өзара сыйластық құндылықтарын насихаттау, Қазақстанда өмір сүретін түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыру. Іс-шара барысында әр сынып белгілі бір халықтың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдерін көрсетіп, ән-билерін орындады. Сонымен қатар ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар халықтардың салт-дәстүрлері туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Фестиваль жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтуға ықпал етті. Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

«Халықтар достығы» фестивалі барша қатысушыларға Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің маңызын сезіндіріп, достық пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив