30
апрель
2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Көксу ауданы көлемінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 30 сәуір күні «Қазақстан халықтар достығы» атты фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Фестиваль барысында мектебіміздің оқушылары елімізде тұратын түрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп, ұлттық тағамдарын таныстырып, әсем билер билеп, әндер орындады. Олар бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Бүгінде мектебімізде білім беру екі тілде жүргізіледі. Сонымен қатар, 16 ұлттың өкілдері бір шаңырақ астында білім алып, өзара сыйластық пен достықты нығайтып келеді. Бұл – біздің ортақ құндылығымыз әрі мақтанышымыз.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойына елжандылықты, ынтымақ пен бірлікті сіңіруге үлкен үлес қосады.