04
май
2026
Мектепішілік «Жас сарбаз» әскери – патриоттық әндер фестивалі өткені туралы МӘЛІМЕТ
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған Көксу ауданы бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектебімізде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі өткізілді. Фестивальдің мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын насихаттау және әскери-патриоттық тәрбие беру. Іс-шара барысында қатысушылар әскери-патриоттық тақырыптағы әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті. Әндер арқылы Отан қорғаушыларға құрмет көрсетіліп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі дәріптелді.
Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың бойында елжандылық пен патриоттық рухты нығайтуға ықпал етті.