29
апрель
2025
«Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» атты «Достық» фестивалі
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» атты «Достық» фестивалі өткені туралы мәлімет
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, мектебімізде «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» атты «Достық» фестивалі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ұлтаралық татулық пен достықты насихаттау. Фестиваль барысында әр ұлттың салт-дәстүрі, ұлттық киімдері мен тағамдары таныстырылды. Оқушылар ән айтып, би билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл шара балалардың бір-біріне деген құрметін арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосты.



