«Армысың, Әз Наурыз!» атты мектепішілік мерекелік іс-шара » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Армысың, Әз Наурыз!» атты мектепішілік мерекелік іс-шара
17
март
2026

«Армысың, Әз Наурыз!» атты мектепішілік мерекелік іс-шара

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ 

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мектепішілік іс – шара өткені туралы 

АҚПАРАТ

Наурыз мейрамы – көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын және татулық пен бірлікті дәріптейтін ерекше мереке. Осыған орай мектебімізде «Армысың, Әз Наурыз!» атты мектепішілік мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.

Мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі әсерлі болды. Іс-шара барысында оқушылар әсем әндер орындап, түрлі ұлт билерін биледі және күмбірлеген күйлер тартты. Әрбір қойылым жоғары дайындықпен ұсынылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әндер арқылы оқушылар көктемнің шуақты сәттерін, достық пен қуанышты жеткізсе, билер көркем қимылымен сахнаның сәнін келтірді. Ал орындалған күйлер ұлттық өнердің тереңдігін сезіндіре отырып, ерекше әсер қалдырды. Іс-шараға қатысқан оқушылар өз өнерлерін еркін көрсетіп, сахна мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік алды. Көрермендер де белсенді қолдау білдіріп, әрбір өнерпазды зор қошеметпен қарсы алды. Мереке барысында мектеп ұжымы мен оқушылар арасында жылы қарым-қатынас орнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Аталған іс-шара оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, өнерге деген сүйіспеншілігін нығайтты. Сонымен қатар, бұл мереке оқушылардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, шығармашылық тұрғыдан дамуына ықпал етті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив