«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Жауапкершілік - баланың таңдау құқығын шектейме?» тақырыбында дебат » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Жауапкершілік - баланың таңдау құқығын шектейме?» тақырыбында дебат
19
ноябрь
2025

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Жауапкершілік - баланың таңдау құқығын шектейме?» тақырыбында дебат

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Жауапкершілік -  баланың таңдау құқығын шектейме?» тақырыбында дебат

“Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында 10–11 сынып оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін дамыту, өз пікірін ашық жеткізе білу, жауапкершілік пен таңдау еркіндігі мәселесіне қатысты азаматтық көзқарасын қалыптастыру мақсатында “Жауапкершілік – баланың таңдау құқығын шектей ме?” тақырыбында мектепішілік дебат өтті.

Дебат барысында оқушылар берілген тақырып бойынша өз ұстанымдарын жан-жақты қорғап, мәселенің мәнін терең талқылады. Пікір білдіру кезінде нақты дәйектер келтіріп, логикалық ой қорытындыларын ұсынды. Сонымен қатар, жауапкершілік пен таңдау еркіндігі арасындағы өзара байланысты түсіндіріп, оның әртүрлі өмірлік жағдайларда қалай көрініс табатыны жөнінде мысалдар келтірді.

Қатысушылар топпен бірлесе жұмыс істей отырып, жоғары деңгейдегі командалық үйлесімділікті көрсетті, қарсы топтың дәлелдеріне сыни тұрғыдан талдау жасап, өз позицияларын сенімді түрде қорғады. Дебат кезінде оқушылар сөйлеу мәдениетін сақтап, шешендік қабілеттерін дамытты, көпшілік алдында өзін-өзі ұстау дағдыларын көрсетіп, өз ойларын жүйелі әрі сауатты жеткізді.

Аталған іс-шара оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, ой еркіндігін дамытуға, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, “Ұшқыр ой алаңы” жобасының мақсаттарының орындалуына оң әсерін тигізді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив