"Жұмыс нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуға болады?" зияткерлік ойын
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Жұмыс нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуға болады?» тақырыбында MI BATTLE зияткерлік ойыны өткені туралы
мәлімет
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында мектебімізде «Жұмыс нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуға болады?» тақырыбында MI BATTLE зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынға қатысқан оқушылар қазіргі еңбек нарығының талаптары, кәсіби дағдыларды дамыту жолдары мен өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығы туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алды.
MI BATTLE ойыны арқылы оқушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және командалық жұмыс шеберлігін көрсетті. Сонымен қатар, еңбек нарығында табысқа жетудің негізгі факторлары мен болашақ маман ретінде қалай бәсекеге қабілетті болу керектігі туралы маңызды сұрақтарға жауаптар табылды.
Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби бағыттағы білімі мен дағдыларын арттыруға, өздерін дамытуға деген ынтасын оятуға үлкен үлес қосты.