"Ұлттық код - менің бойымда" зияткерлік ойын
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында: «Ұлттық код – менің бойымда» тақырында MI BATTLE зияткерлік ойын өткені туралы мәлімет
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Ұлттық код – менің бойымда» тақырыбында MI BATTLE зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Ойынға бірнеше топ қатысты. Қатысушылар қазақ халқының тарихы, дәстүрі, ұлттық өнері, тұлғалары және қазіргі заман жетістіктері бойынша сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындады. Әр топ өз ұстанымын дәлелдеп, пікір білдіру мәдениетін, шешендік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Мақсаты:
Оқушылардың ұлттық сана-сезімін, зияткерлік қабілетін және логикалық ойлау дағдыларын дамыту, өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрметті арттыру, ұлттық құндылықтарды заманауи көзқараспен ұштастыру.
Қорытынды:
«Ұлттық код – менің бойымда» атты MI BATTLE зияткерлік ойыны оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық рух пен заманауи білімді ұштастыруға жол ашты. Іс-шара оқушылардың елжандылық қасиеттерін қалыптастыру мен патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарды.