25 - қазан Республика күні қарсаңында «Менің Республикам» тақырыбында дебат
«Медеубай Құрманов №2 орта мектеп» КММ
«Менің Республикам» тақырыбында дебат өткені туралы
мәлімет
«Өзін - өзі» басқару ұйымы, «Дебат қозғалысы және ақпарат» бағыты бойынша «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 25 - қазан Республика күні қарсаңында «Менің Республикам» тақырыбында дебат өткізді.
Дебатқа қатысушылар, өз елінің жетістіктері мен болашағы, жастардың қоғамдағы рөлі туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Қатысушылар пікірталас мәдениетін, шешендік қабілеттерін және топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Мақсаты:
Оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, елжандылық сезімін қалыптастыру, сыни және еркін ойлау мәдениетін дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғауға үйрету.
Қорытынды:
«Менің Республикам» тақырыбындағы дебат оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, өз ойын ашық айту мен пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.