«Нашақорлыққа жол жоқ» » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2026

«Нашақорлыққа жол жоқ»

Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында 9–10 сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараға аудандық АПБ бөлімінің мамандары қатысып, оқушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, заң алдында жауапкершілік, құқықтық салдары және есірткі заттарын қолданудың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі толық жауаптар алды. Шара оқушылардың зиянды әдеттерден аулақ болуына, дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына оң ықпал етті.

Қорытынды:
Түсіндіру жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсатқа қол жеткізілді. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі байқалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив