Алдын - алу шаралары: "Өмірге салауатты қадам" тақырыбында кездесу
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
«Өмірге салауатты қадам» тақырыбына сәйкес құзырлы орган қызметкерлерімен тақырыптық кездесу.
өткені туралы мәлімет
2025 жылдың қазан айында мектебімізде «Өмірге салауатты қадам» тақырыбы аясында құзырлы орган қызметкерлерімен тақырыптық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық және адамгершілік мәдениетті қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу болды. Кездесуге жергілікті полиция бөлімінің және денсаулық сақтау бөлімнің мамандары шақырылды. Қонақтар оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, салауатты өмір салтының маңызы, жеке жауапкершілік, құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды. Кездесу тәрбиелік және танымдық маңызға ие болып, жасөспірімдердің дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына ықпал етті.