IV тоқсан бойынша Әдістемелік жұмыстың есебі
Мектептің мисссиясы: Білімді, функционалды сауатты, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті ұлттық құндылықтарды бағалай алатын тұлға тәрбиелеу.
Әдістемелік мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибе алмасу барысында жан-жақты дамуына, мектепті табысқа жетелейтін кәсіби ұжымның коллаборотивті ортасын құру.
Әдістемелік міндеттері:
- оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуде жол ашу;
- әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
- пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибие тарату.
мақсатында жүргізілді.
ІV тоқсан бойынша әдістемелік жұмысы бойынша қорытындылайтын болсақ: Бекітілген кесте бойынша апталықтар ретімен болуда. ІV тоқсан бойынша жаратылыстану 2026 жылдың 06-17 сәуір аралығында «Жаратылыстанудағы инновациялар толқыны» тақырыбында, дене шынықтыру 2026 жылдың 20-30 сәуір аралығында «AI технологиялар: спорттағы болашаққа қадам» тақырыбында, көркем еңбек апталығы 04-08 мамыр аралығында «Арт фестивалі шығармашылық әлемі». Апталық кезінде бірлестіктер салтанатты ашылуымен бастап, түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, көңілді қоңыраулар өткізді. Әр пән апталықтарында оқушылардың қызығушылықтарын ашып, әр пәнге деген құрметтерін арттырды. Ата-аналарменде қосымша жұмыстар жүргізіліп отырылды.
2025-2026 оқу жылы құрылған аттестаттау комиссия құрамына 2025 жылдың 08 желтоқсандағы №827 бұйрық негізінде өзгеріс енгізілді, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің 12 мұғалімнің тізімі бекітілген. Қазіргі 1 мұғалімнің өтініші жйылып, 3 мұғалім педагог-модераторға, 3 мұғалім педагог-сарапшыға Ұстаз платформасы арқылы өтініш білдірді. 3 мұғалім егов порталы арқылы педагог-зерттеушіге өтініш тастады.
2026-2027 оқу жылына мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында білім жетілдіру курстарынан өтетін мұғалімдер сәуір-мамыр айында 5 мұғалім онлайн, 2 мұғалім офлайн біліктіліктерін арттырды.
2026 жылдың мамыр айында тарих пәнінің мұғалімдері: Джексембиева Назерке Нурбакытовна мен Раскелдина Аида Еркиновна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері: Баубекова Айжан Такеновна мен Бейсембекова Мархаба Нурахановнаның облыстық кезеңде авторлық бағдарламалары бекітілді.
Педагогтердің кәсіби байқаулары:
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңінде командалық жұмыста 3 орын иегерлері:
- Абдрашитова Қаламқас Болатовна
- Мәдиқызы Гүлнара
- Мекебаева Мөлдір Аскаровна
- Касанова Рубаба Исламовна
2. Аудандық «Жалынды жастар» жас мамандар слетінде «Мобилография» сайысында 1 орын иегері Сагындық Нұргүл, облысқа жолдама алды.
3. «Мәнерлеп оқу және монолог» бағыты бойынша ІІІ орын иегері Жанайбекова Аружан Төлентайқызы
4. Аудандық «Үздік бастауыш – 2026» байқауында 2 орын иегері Мустафаева Наиля Алиевна.
Оқушылардың жетістіктері:
- Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен аудандық Абай оқуларының «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясында І орын иегері 8-сынып оқушысы Тохтар Айша
- «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясында жүлделі 2 орын иегері 10-сынып оқушысы Қайырхан Бейбарыс, жетекшісі Жанайбекова Аружан Төлентайқызы
- Республикалық «Менің Қазақстаным: өткені, бүгінгі, болашағы» атты ғылыми-тарихи жобалар байқауының аудандық кезеңінде «Мәдениет, тіл және дәстүрлер» бағыты бойынша жүлдері 2 орынды 10-сынып оқушысы Қайырхан Бейбарыс иеленді, жетекшісі Раскелдина Аида Еркиновна
- 5-6 сынып арасында білім беру ұйымдарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің облыстық олимпиадасында 2 орынды иеленген Ибенабес Сезім, жетекшісі Демеубаев Джан Маратович
- 5-6 сынып арасында білім беру ұйымдарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің облыстық олимпиадасында 2 орынды иеленген Тілеубекқызы Еркежан, жетекшісі Шалданбаев Нурлан Наурызбаевич
- 2-4 сынып оқушыларына арналған аудандық олимпиадасының орын иегерлері:
2-сынып Огай Ирина – орыс тілі пәні – 2 орын, жетекшісі Мустафаева Наиля Алиевна
2-сынып Ковалевская Маргарита – жаратылыстану пәні-3 орын, жетекшісі Абасова Сурия Пашаевна
2-сынып Қалиева Жасмин – қазақ тілі пәні – 3 орын, жетекшісі Атыманова Гульназ Жолжаксыновна
3-сынып Жұмақожа Арслан – жаратылыстану пәні – 3 орын, жетекшісі Нусипова Карлыгаш Ермековна
3-сынып Бекежанұлы Биарыс – математика пәні – 2 орын, жетекшісі Бугубаева Бану Амангельдиевна
4-сынып Марат Айдарлым – жаратылыстану пәні – 2 орын, жетекшісі Абдрашитова Қаламқас Болатовна
4-сынып Саматқызы Хадиджа – орыс тілі пәні – 3 орын, жетекшісі Касанова Рубаба Исламовна
- Облыстық «Үздік мектеп парламенті» байқауында мектеп командасы «Үздік бастамашы», «Шығармашылық парламент» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі Сегизбаева Айгерим Кайпжановна
- Аудан мектептері арасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-спорттық «Жас Ұлан – 2026» байқауында бас жүлдені мектеп командасы марапатталды.
- «автоматты бөлшектеу және жинақтау», «Әскери эстафеталық жарысы» номинациясын иеленді, жетекшісі Калдарбеков Руслан Куандыкович
- 5-6 сынып арасында білім беру ұйымдарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің Республикалық олимпиадасында 1 орынды иеленген Тілеубекқызы Еркежан, жетекшісі Демеубаев Джан Маратович