ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-МҰҒАЛІМ ҮШІН КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК. » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-МҰҒАЛІМ ҮШІН КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК.
20
январь
2023

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-МҰҒАЛІМ ҮШІН КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК.

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-МҰҒАЛІМ ҮШІН КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІК. Мұғалім - бағыт беруші, білімді, икемді, шебер, ізденімпаз, білім беру методологиясын меңгерген шығармашыл тұлға. Бүгінгі ұстаз адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, өз елінің мәдениетін бағалай білетін және өзгелердің мәдениетін құрметтейтін, өмір бойы білім ала отырып, әлемді өркендетуге үлес қосуға дайын, дені сау, зияткер, шығармашыл, табысты тұлғаны тәрбиелеуі керек. Сондықтан, қазіргі таңдағы мұғалімдердің ерекшелігі – баланың заманауи, яғни бәсекеге қабілетті ету үшін жан-жақты болуына септігін тигізіп жатқан маман. Қазіргі күні келешек ұрпақтың саналы да, сапалы тәрбие алуы мұғалімге тікелей байланысты болып тұр. Өмірдің заңы – алға ұмтылу, озу. Бүгін мектепте жас педагогтерге арналған «ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ МҰҒАЛІМНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ БОЙЫНША КӘСІБИ ЖЕТІСТІГІ» тақырыбындағы тәжірибе алмасу мақсатында фейл-конференция өтті. Отырыста ДӘІЖО Джумагулова Айгуль Майдановна кіріспе сөз сөйлеп, өз сөзінде семинарға қатысушыларды іс- шараның мақсаты және бағдарламасымен таныстырып өтті. Конференция барысында ӘБ жетекшісі, педагог- сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі Атыманова Гульназ Жолжақсыновна, мектеп тренері, педагог-зерттеуші, музыка пәнінің мұғалімі Байболова Куралай Кинжаловна, педагог- сарапшы, бастауыш сынып мұғалімі Мустафаева Наиля Алиевна мұғалімдерге шеберлік сыныбын, тренинг және коучинг өткізді. Қатысушы мұғалімдерге кері байланыс ұсынылды.

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив