ІІ тоқсан бойынша Әдістемелік жұмыстың есебі » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2026

ІІ тоқсан бойынша Әдістемелік жұмыстың есебі

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

І жартыжылдық бойынша әдістемелік жұмыс есебі


        Мектептің мисссиясы: Білімді, функционалды сауатты, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті ұлттық құндылықтарды бағалай алатын тұлға тәрбиелеу.

Әдістемелік мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибе алмасу барысында жан-жақты дамуына, мектепті табысқа жетелейтін кәсіби ұжымның коллаборотивті ортасын құру. 

Әдістемелік  міндеттері:

- оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуде жол ашу;

- әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;

- пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибие тарату.

мақсатында жүргізілді.  

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Қазіргі заманда сындарлы оқыту теориясына сай бала білім алып қана қоймай, алған білімін әр қашанда керегіне жарата алатындай азамат етіп қалыптастыру, ұстаз қауымы алдындағы басты міндет болып отыр. Оқу жылдың басында әдістемелік жоспар   құрылып, бекітілді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:
 1. Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарлатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.

2. Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.

  1. Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.

4. Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған. Әр ӘБ сапалық құрамдары жинақталып, оқу жылында бекітілді. 

Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады. Бұл жұмыс мектептің негізгі әдістемелік мәселесін іске асыруға бағытталған.
 Мектептің әдістемелік жұмысын басқарудың жағдайын жақсарту мақсатында мектеп директорының бұйрығына сәйкес мектепте төменгі құрамда құрылған 
12 пән бірлестігі бар. Мектепішілік бұйрық бойынша әдістемелік кеңес құрылды және әдістемелік бірлестік жетекшілері тағайындалды. Олар мектеп әдістемелік кеңесінің құрамына енді.

 Әр бірлестікте 8-11 мұғалім құрамынан тұрады. Әдістемелік бірлестік жетекші тағайындай отырып, апталықтар кестесі 2025 жылдың 02 қыркүйек күні құрылып, бекітілді. 

Бекітілген кесте бойынша апталықтар ретімен болуда. І жартыжылдық бойынша ағылшын, мектеп әкімшілігі, қазақ тілі мен әдебиет (қазақ/орыс сыныптары), тарих апталықтары өтілді. Апталық кезінде бірлестіктер салтанатты ашылуымен бастап, түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, көңілді қоңыраулар өткізді. Әр пән апталықтарында оқушылардың қызығушылықтарын ашып, әр пәнге деген құрметтерін арттырды. Ата-аналарменде қосымша жұмыстар жүргізіліп отырылды. Әр бірлестік апталық соңында өз есептерін беріп, құжаттарын толтырып отырды.  

2025-2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің өтініштері жасалып, жұмыс жоспарлары талқыланды. Аттестаттаудың перспектикалық жоспары мен биылғы оқу жылында өтетін мұғалімдердің кестесі жасалды. Сараптамалық комиссия құрамы да құрылды.

2025-2026 оқу жылы құрылған аттестаттау комиссия құрамына  2025 жылдың 08 желтоқсандағы №827 бұйрық негізінде өзгеріс енгізілді, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімін бекітілді.  Мектеп қызметінің басты бағыттарының бірі-мұғалімдерді аттестаттау. Жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесінде аттестаттау комиссиясының мүшелері, сараптамалық кеңестің мүшелері сайланды, мектеп бұйрығымен бекітілген құрам бекітілді. Мұғалімдерге аттестаттау ережелері түсіндірілді, бұйрықты алу шамасына қарай аттестаттауға еңгізілген өзгерістермен танысты, педагог кадрлардың біліктілік санатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді және педагогикалық кенесте аттестацияға мұғалімдерді ұсынды. Аттестаттаудан өтудің перспективалық жоспары алдын ала жасалды, мұғалімдерге одан әрі жұмыс ұсынылды. 22025-2026 оқу жылына осы бағытта үлкен жұмыс жоспарланып, жүзеге асырылуда. 2025-2026 оқу жылына аттестациядан өту үшін  төмендегі педагогтердің өтінішін қабылдау тізімі 29-шы тамыз күні  №1 педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес 11 мұғалімнің тізімі  бекітілді.

Мектеп жұмысының жүйелі түрде жүруіне бірден-бір себеп шығармашылық топ жұмысы. Жыл басында шығармашылық топ құрамы құрылып, жоспары бекітіліп, топ координаторы Қизат Т сайланды. 4 топтан құралып, бұйрық шығарылды. 

Осы оқу жылында мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында білім жетілдіру курстарынан өтетін мұғалімдер перспективалық жоспары жасалынып, бекітілді. І жартыжылдық бойынша 7 педагог әр түрлі тақырыптағы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Жыл басында сабаққа қатысу кестесі бекітіліп, мектеп әкімшілігі қыркүйектің 20-нан бастап, сабақтарға қатысып, кері байланыстарын беріп отырды. Әдістемелік көмектер көрсетіліп, ұсыныстар айтылды.  Білім беру процесінде цифрлық-ресурстарды пайдалану. Мектеп әкімшілігі, мектеп тренерлерімен бірлесе педагогтердің сабағына қатысып, сабақтағы цифрлық-ресурстардың қаншалықты пайдаланылып, жүзеге асырылып   жүргені қадағаланды. Олардың жақсы жақтары дәріптеліп, әлсіз тұстарына өз тарапымыздан ұсыныс білдіріп, қателіктерді уақытында жою мәселесі айтылды. Педагогтердің басым көпшілігі сабақтарында цифрлық ресурстарды ұтымды пайдаланды. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, сапалы сабақтарды көріп, өз қоржынымызды толтырдық. 

2025-2026 оқу жылында жас мамандар мен тәлімгерлердің жұмыс жоспарын  бекітілді. Мектебімізде бірнеше   жас педагог жұмыс атқарады. Әдістемелік жағдай жасау мақсатында «Жас мамандар» мектебі жұмыс жасайды. Жас мұғалімдердің кәсіби дайындық деңгейін анықтау, нормативтік құжаттармен жұмыс істеуді меңгерту, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды дайындау, мектеп құжаттарын жүргізу, элективті, таңдау пәндері бойынша, жеке және топтық курс бағдарламаларын дайындаудағы жеке консультациялар, қазіргі сабаққа қойылатын талаптар, сабақ барысында қолданылатын жаңа технологиялар, оқу процессін ұйымдастыру формалары, олардың үйлесуі, қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің қызметі сияқты мәселелер отырыстарында қаралды. Қыркүйек айында жас мамандардың тізімі жасалып, әдістемелік жетекшілері  белгіленді. 

Әдістемелік бірлестіктің отырыстары өз уақытында өтіп тұрады, бірінші отырыста мұғалімдердің күнтізбелік жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістеме бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, озық іс-тәжірибе мектебімен танысу, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс, педоқулары тақырыбы, аттестация, курстары жайында және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралуда, мұғалімдер есеп береді. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін, дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады. Оларды өткізу жоспары жылдың басында жасалынды.

Іс-әрекетті зерттеу бойынша жұмыстар әр бірлестікте қолға алынып жүргізіліп отыр. Әр бірлестікте зерттеу топтары құрылған. Олар жылдық жоспарларына сәйкес мұғалімнің іс әрекетін зерттеп, бағалап және бақылап, көмек көрсетіп отырады.     Өз білімін көтеру мақсатында кез келген мұғалім әр түрлі семинар коучингтерге қатысып тұрады. Атап айтқанда, әдістемелік бірлестіктерде курстан кейінгі сүйемелдеу бойынша семинарлар өткізілді.  


2025-2026 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша пән апталықтарының өтуі жайлы

Мақсаты:  Мұғалімдердің кәсіптік құзіретін арттыру, әдістемелік жұмыстардың жүйелі жүргізілуі мен пән бірлестіктерінің ынтамақтастығын қамтамасыз ету.

Жалпы ережелер:

Мектептегі пән апталықтарының әдістемелік бірлестіктер жыл сайын  мұғалімдердің кәсіптік құзіреттерін арттыру мақсатымен әдістемелік жоспар шеңберінде, сондай-ақ оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру үшін өткізіледі.

Пән апталығының міндеттері:

-Мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы жетілдіру;

-Оқушыларды дербес шығармашылық қызметке тарту, олардың зерделенетін пәнге  деген қызығушылықтарын арттыру;

-Белгілі бір оқу пәнінен шығармашылық қабілеттерге ие оқушыларды айқындау;

Пән апталықтарының ұйымдастырылуы және өткізу тәртібі: 

-Пән апталықтары мектептегі жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

-Бұйрығы бекітіліп, мерзімі анықталады. 

-Мерзімі анықталған соң әр әдістемеліктің жұмыс жоспары мектеп әдіскерінің бақылауы арқылы, директордың бекітуімен расталады. 

2025-2026 оқу жылының әдістемелік жоспарына сәйкес пән апталықтарының мерзімі анықталып, бұйрығы шығарылып, бекітілді.  

Пән бірлестігі

Мерзімі

1

Мектеп әкімшілігінің апталығы

06.10-17.10.2025ж

2

Ағылшын тілі пәні апталығы

05.11-18.11.2025ж

3

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні  апталығы

19.11-02.12.2025ж

4

Тарих пәні апталығы 

03.12-17.12.2025ж

5

Математика апталығы

12.01-23.01.2026ж

6

Бастауыш (қазақ) сыныптары апталығы 

26.01-06.02.2026ж

7

Орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы 

09.02-20.02.2026ж

8

Бастауыш (орыс) сыныптары апталығы 

23.02-06.03.2026ж

9

Жаратылыстану пән бірлестігінің апталығы 

06.04-17.04.2026ж

10

Дене шынықтыру апталығы

20.04-30.04.2026ж

11

Көркем еңбек пәні апталығы

04.05-08.05.2026ж

12

Сынып жетекшілер апталығы

12.05.-22.05.2026ж


Осы кесте бойынша І жартыжылдықта ағылшын пән апталықтары бастау алып, әрі қарай ретімен «Әкімшілік апталығы» өткізілді. Апталық барысында ашылу және жабылу салтанатын, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, көңілді қоңыраулар өткізіліп, мұғалімдер өзара сабаққа қатысып, іс-тәжірибе алмасып отырды. Қазақ тілі мен әдебиет(қазақ/орыс сыныптары) пән бірлестігінің жалғастыруымен апталық өз жалғасын тапты. Тарих апталығы жалғасты, апталық соңында өз есептерін өткізіп, әдістемелік құжаттарды толықтырып отырды. Әр іс-шара өткізілген соң, инстаграмм желісіне жүктеліп, көпшілік назарына ұсынылып отырдық.  ІІ жартыжылдықта болатын апталықтардан да осы тізбек бойынша жалғасын тауып, жаңа идеялармен ашық сабақтар күтудеміз. Апталық бойынша әдістемелік жетекшілерге әр іс-шара уақытымен өткізіліп, әлеуметтік желілерге жүктелініп отырылуы, апталық соңында есептер кешіктірілмей, уақытылы өткізіліп отыруы туралы ұсыныс жасалды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив