ІІІ тоқсан бойынша Әдістемелік жұмыстың есебі
Мектептің мисссиясы: Білімді, функционалды сауатты, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәсекеге қабілетті ұлттық құндылықтарды бағалай алатын тұлға тәрбиелеу.
Әдістемелік мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибе алмасу барысында жан-жақты дамуына, мектепті табысқа жетелейтін кәсіби ұжымның коллаборотивті ортасын құру.
Әдістемелік міндеттері:
- оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуде жол ашу;
- әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
- пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибие тарату.
мақсатында жүргізілді.
ІІІ тоқсан бойынша әдістемелік жұмысы бойынша қорытындылайтын болсақ: Бекітілген кесте бойынша апталықтар ретімен болуда. ІІІ тоқсан бойынша математика (қазақ, орыс сыныптары) 2026 жылдың 12-23 қаңтар аралығында «Әлемнің ғажап үш тірегі» тақырыбында, бастауыш қазақ сыныптары 26.01-06.02. аралығында «Білім бастауы – бастауышта» тақырыбында, орыс тілі мен әдебиет пәнінің апталығы 09.02-20.02. аралығында «Жаңашылдық – заман талабы» тақырыбында, бастауыш орыс сыныптары апталығының 23.02-06.03 аралықтарында «ХХІ ғасырдың бастауыш мектебі: идеялар, әдістер, шабыт» тақырыбында, аудандық семинар беріліп, білім бөлімінің сертификатымен 15 мұғалім марапатталды. Жас мамандар 10-20.03 аралығында апталықтары өтілді. Апталық кезінде бірлестіктер салтанатты ашылуымен бастап, түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, көңілді қоңыраулар өткізді. Әр пән апталықтарында оқушылардың қызығушылықтарын ашып, әр пәнге деген құрметтерін арттырды. Ата-аналарменде қосымша жұмыстар жүргізіліп отырылды. Жас амандар наурызнаманың 10 күндігіне арналған жоспар бойынша апталықтарын өткізіп, жоғары деңгейде 22 наурыз мейрамын Екі жұлдыз байқауымен аяқтады. Әр бірлестік апталық соңында өз есептерін беріп, құжаттарын толтырып отырды.
2025-2026 оқу жылы құрылған аттестаттау комиссия құрамына 2025 жылдың 08 желтоқсандағы №827 бұйрық негізінде өзгеріс енгізілді, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің тізімін бекітілді. Ақпан айында өтініш білдірген 8 пән мұғалімдерінің тестке қатысып, оның ішінде 1 мұғалім басшы ретінде тесттен өтіп, 5 пән мұғалім жоғары балл алып тесттен өтті. 2 пән мұғалімі олар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.О.Аитов және биология пәнінің мұғалімі М.Искакова шекті баллға жеткізе алмай, ақылы екінші ретке өтініш білдіруде.
2026-2027 оқу жылына мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мақсатында білім жетілдіру курстарынан өтетін мұғалімдер перспективалық жоспары жасалынып, бекітілді.
Педагогтердің кәсіби байқаулары:
1. Қысқы «Каникулдық мектеп» алаңы аясында «сыни тұрғыдан ойлау – функционалдық сауаттылықтың негізі» тақырыбындағы семинарда өз іс-тәжірибемсімен бөліскені үшін Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сулейменова Шырын Шажабаевна, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Калдыбаева Асель Еркимбековна және тарих пәнінің мұғалімі Калантарова Динара Яшаровна.
2. Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» олимпиадасында Абдрашитова Қаламқас Болатқызы ІІІ орын иеленді.
3. Облыстық «Математикалық сфера» байқауында ІІ орынды математика пәнінің мұғалімі Демеген Ұлжан Морякқызы иеленді.
4. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында ІІІ орынды Баубекова Айжан Такеновна иеленді.
5. Халықаралық зерттеу тапсырмаларының аудандық сырттай байқауында физика пәнінің мұғалімі Сейткаримова Мадина Ержановна ІІІ орынды иеленді.
6. Аудандық «Математикалық регата» олимпиадасында командалық жұмыста мектебіміздің математика мұғалімдері ІІ орын, жекелей жұмыста ІІІ орынды Демеген Ұлжан Морякқызы иеленді.
7. Облыстық «ББЖМ-2025 нәтижелеі бойынша 4-сыныпта оқу сауаттылығынан қиындық тудырған тақырыптармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында іс-тәжірибесімен бастауыш сынып мұғалімі Герман Людмила Владимировна сертификатпен марапатталды.
8. «Мен сабағымды қызықты етемін» атты лайфках сырттай байқауында ІІІ орынды орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Джумагулова Айгуль Майдановна иеленді.
9. «Лучший учитель русского языка и литературы -2026» аудандық байқауда ІІІ орынды орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сулейменова Шырын Шажабаевна иеленді.
10. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» аудандық байқауында ІІ орынды педагог-писхолог Қарабекова Аружан Жақсылыққызы, педагог-ұйымдастырушы Сегизбаева Айгерим Кайпжановна ІІ орынды иеленді.
11. Облыстық «Математикалық прогрессия» байқауында ІІІ орынды математика пәнінің мұғалімі Қизат Толғаубек иеленді.
12. «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» аудандық байқауында ІІІ орынды Абубакирова Милана Руслановна иеленді.
13. «Әр географ – өлкетанушы» жобасында аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІ орынды география пәнінің мұғалімі Сағындық Нұргүл иеленді.
Оқушылардың жетістіктері:
- Жалпы білім беретін мектептер арасында 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық кезеңінде химия пәнінен 10А сынып оқушысы Тілеуғазы Інжу ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Оңалбек Балғын
- Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында 7-8 сынып оқушылары арасында облыстық кезеңде орыс тілі мен әдебиет пәнінен 8-сынып оқушысы Ясинский Максим 2 орын, жетекшісі Джумагулова Айгуль Майдановна
География пәнінен Серікұлы Бекбол 3 орын, жетекшісі Жумадилова Гулбакыт Каукербековна
- Аудандық «Бастау» олимпиадасынан 4А-сынып оқушысы Ризабек Қыдырәлі ІІ орын, жетекшісі Абдрашитова Қаламқас Болатқызы
- Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» номинациясында ІІІ орынды 11-сынып оқушысы Шалкибекова Айша, «Хандар, батырлар» номнациясынла ІІ орынды 10-сынып оқушысы Тілеуғазы Інжу иеленді. Жетекшісі: Раисова Алия Рамазановна
3. Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша ІІ орынды Попов Никита, жетекшісі Гашков Алексей
4. Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында «Бейнелеушілер» бағыты бойынша ІІІ орынды Әзілжан Мақсат, жетекшісі Абдрасилова Толкын Болатовна
5. Аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шеберлері» бағыты бойынша ІІ орынды Аршынқызы Лила, «Жас қаламгер» бағыты бойынша ІІІ орынды Тұрлан Ақбота, жетекшісі Есжанова Алтынай Козыбековна
6. Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында «Мұқағали Мақатаев оқулары» аудандық байқауында «Дариға, домбырамды берші маған» номинациясында ІІІ орынды Оралбек Гулина, «Жыр эстафетасы» номинациясында ІІІ орынды Жәрденбек Зере, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясында ІІІ орынды Қанапия Әлия иеленді. Жетекшісі Есжанова Алтынай Козыбековна
7. Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында «Абайтану» аудандық олимпиадасында 10-сынып оқушысы Тілеуғазы Інжу І орынды иеленіп, облысқа жолдама алды.
9. «Үздік командир -2026» аудандық байқауында 10-сынып оқушысы Нұралбек Елдос ІІ орынды иеленді.
11. Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында аудандық «Әбіш оқулары» байқауында ІІ орынды «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Рақыш Майра, ІІ орынды «Сахналық қойылым» бағыты бойынша мектеп командасы, І орынды «Зерделеу жобасы» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Тоқтасын Ұлжан, облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Бердиева Айдана Мырзабековна
12. Аудандық жас суретшілер байқауында І орынды Есимжанова Аружан иеленді. Жетекшісі Абдрасилова Толкын Болатовна
13. Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында аудандық «І.Жансүгіров оқулары» байқауында «Жаз, жаз! Қалам жорғалап» жас ақындар номинациясында ІІІ орынды 10-сынып оқушысы Қайырхан Бейбарыс, «Ілияс – қарасөз шебері» көркемсөз оқу номинациясында ІІ орынды 10-сынып оқушысы Жеңісхан Амангүл, «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлер номинациясында ІІІ орынды Ділдәбек Аяна иеленді. Жетекшісі Оналбекова Шынар Канабековна
14. Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында аудандық «Мағжан оқулары» байқауында «Жыр алыбы – Мағжан» номинациясында І орынды 9-сынып оқушысы Шелбай Назерке иеленіп, облысқа жолдама алды. Жетекшісі Байболова Куралай Кинжаловна
15. Жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында аудандық «Мағжан оқулары» байқауында «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясында ІІІ орынды 9-сынып оқушысы Болатқызы Мөлдір, Қайырхан Бейбарыс ІІ орынды иеленді. Жетекшісі Дауренбаева Айнур Женисовна