21
февраль
2025
2025 жылдың 21-ақпан күні ақпан-сәуір айларында аттестациядан өтетін ұстаздарды аттестаттау тестіне дайындық мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды. Жиында аттестаттау рәсімі 2025 жылдан бастап педагогтердің кәсіби қызметі туралы деректерді жинау және
2025 жылдың 21-ақпан күні ақпан-сәуір айларында аттестациядан өтетін ұстаздарды аттестаттау тестіне дайындық мақсатында арнайы жиын ұйымдастырылды. Жиында аттестаттау рәсімі 2025 жылдан бастап педагогтердің кәсіби қызметі туралы деректерді жинау және өңдеуді қамтамасыз ететін “Ұстаз” педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы арқылы жүзеге асырылатындығы жөнінде айтылды.Сонымен қатар ұстаздардың негізгі құжаттары мен жетістіктері жүктелгендігі туралы талқыланды.Жиын барысында аттестаттаудың жаңа талаптары, бағалау критерийлері және мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған қолдау шаралары талқыланды. Сондай-ақ, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, олардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды. Жиынға мектеп директоры,директордың орынбасарлары және аттестациядан өтетін ұстаздар қауымы қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DGVHNQjCKbf/?igsh=ZWgwOGxpeHJobnYz
https://www.instagram.com/reel/DGVHNQjCKbf/?igsh=ZWgwOGxpeHJobnYz