Қазақ тілі мен әдебиет (орыс сыныптары үшін) » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
декабрь
2025

Қазақ тілі мен әдебиет (орыс сыныптары үшін)

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орат мектеп» 
коммуналдық мемлкеттік мекемесінің 
2025-2026 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 
24.11-05.12.2025 жыл аралығында өткен
«Тіл — ұлттың жаны, әдебиет — рухтың шамы» 
атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының есебі 
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының  әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
Міндеті: 
  • қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстырып, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
  • тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу
  • Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: 
  • қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен танысады
  •  Қазақ тіл мен әдебиетінің адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді
  •  тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастырады.
  •  Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосады
  •  Қазақ халқының  әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиеленеді
  •  Тілін, елін сүйе білуге үйренеді.
Мектептің миссиясы: Білімді, функционалды сауатты, жаһандық және сандық әлемдегі өзгерістерге дайын, адами қасиеті жоғары, зиялы және бәскеге қабілетті ұлттық құндылықтарды бағалай алатын тұлға тәрбиелеу.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінде 6 мұғалім қызмет атқаруда. Жоспарға сәйкес апталықтың жоспары құрылып 24.11-05.12.2025 жыл аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақтар мен көңілді қоңыраулар, сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар апталық барысында: білім алуышылдардың  жас ерекшеліктеріне, олардың бейімділігі мен қалауына байланысты көңілді қоңырауылар ұйымдастырылды. Мақсаты: Үзіліс уақытын тиімді пайдалану, оқушылырдың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге жағдай жасау арқылы жылдамдыққа, тапқырлыққа үйрету. 
Көңілді қоңырауда: Қазақ  тілі мен әдебиеті пәніне  байланысты қызықты сұрақтар қойылды. Логикалық сұрақтар қойылып, уақытты ұтымды, әрі пайдалы өткізуге жағдай жасай отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Апталықтың ашылуы салтанатты түрде 12.00-13.00 аралығына ашылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жасалды. 
25.11.2025 жылы сабақ кестесіне сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Е.Калдыбаева  6«В» сынып оқушыларымен «Туған жердің төсінде» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта жаңашыл оқу тәсілдері көрсетілді. Жасанды интелект пен цифрлық ресурстар қолданылды. Сабақ барысында оқушылар топқа, жұпқа бөлінуді, жеке жұмыс жасауды, өзін-өзі бағалауды біліп, кері байланыс жасай алады. Ашық сабақ   мақсатына сай құрылып мектеп мұғалімдері өз пікірлерін білдірді.
26.11.2025 жылы сабақ кестесіне сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Дауренбаева  10«В» сынып оқушыларымен «Каспий теңізі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында түрлі тиімді әдістер, цифрлық ресурстар және ЖИ құралдары қолданылды. Сонымен қатар   оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін орындай алды. Ашық сабақ  мақсатына сай құрылып мектеп мұғалімдері өз пікірлерін білдірді. Ашық сабақта жаңашыл оқу тәсілдері көрсетілді.
28.11.2025 жылы сабақ кестесіне сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Р.Раисова 5«В» сынып оқушыларымен «Қазақстан көлдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта жаңашыл оқу тәсілдері көрсетілді. Ашық сабақ   мақсатына сай құрылып мектеп мұғалімдері өз пікірлерін білдірді. 
2025 жылдың 28 қараша күні 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Жас ақындар мүшайрасы» атты сыныптас іс-шарасы өтті. 
Мақсаты:
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- Поэзияға деген қызығушылығын арттыру;
- Сөз құдіретін сезініп, ой жеткізуге баулу;
- Жас дарын иелерін анықтап, қолдау көрсету.
1. Өлең авторлық болуы тиіс. Плагиатқа жол берілмейді.
2. Байқау 2 кезеңнен тұрады:
- I кезең: Еркін тақырыптағы авторлық өлең оқу;
Кез келген ақын жазушының өлеңдерін жатқа оқу (Абай Құнанбайұлы,Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев т.б)
- II кезең: Ұйымдастырушылар берген тақырыпқа өлең жазып, орындау.
3. Өлең көлемі: 12–20 жол.
4. Бағалау критерийлері:
- Тақырыпты ашу;
- Өлең құрылымы, мазмұны;
- Мәнерлеп оқу;
- Сахналық мәдениет.
5. Қазылар алқасы ұпаймен бағалап, жеңімпаздарды анықтап диплом мен сыйлықпен  марапатталды. 
Өткізген: Дауренбаева А.Ж.
                  Калдыбаева А.Е.
28.11.2025 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігіне орай мектеп оқушыларымен «Ептілік те ерлік» тақырыбында көңілді қоңырау өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ептілікке, икемділікке үйрету. 
Өткізген:  Оналбекова Ш.К.
                  Жакупова А.Т.
01.12.2025 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігіне орай мектеп оқушыларымен «Көңілді қоңырау» өткізілді. Мақсаты: оқушылардың қоңырау уақытын мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыру, белсенді қозғалыс пен сергектікті арттыру, шығармашылық пен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
Өткізген: Дауренбаева А.Ж. 
                  Калдыбаева А.Е.
02.12.2025 жылы сабақ кестесіне сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Т.Жакупова  7«В» сынып оқушыларымен «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Кроссенс», «Түйіндеу», ЖИ қолданылды. Ашық сабақта жаңашыл оқу тәсілдері көрсетілді. Ашық сабақ  мақсатына сай құрылып мектеп мұғалімдері өз пікірлерін білдірді. 
02.12.2025 жылы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 5-11 сынып оқушылары арасында «Абай әлемі: рухани жаңғырудың қайнары» атты әдеби – рухани кеш ұйымдастырып өткізді.
04.12.2025 жылы сабақ кестесіне сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.О.Досаева  6«Г» сынып оқушыларымен «Ақсу – Жабағалы қорығы»    тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ  мақсатына сай құрылып мектеп мұғалімдері өз пікірлерін білдірді. Ашық сабақта жаңашыл оқу тәсілдері көрсетілді. 
05.12.2025 жылы «Тапқыр достар» атты сыныптан тыс іс – шараны 6«Г» сынып оқушыларымен Досаева Г.О. өткізді.
05.12.2025 жылы «Қызықты қазақ тілі» атты сыныптан тыс іс – шараны 7«Г» сынып оқушыларымен Жакупова А.Т. өткізді.
Апталықтың өту барысында оқушыларға сапалы білім беру мақсатында күтілетін нәтижеге  сай жұмыстар жасалды. Мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Ұйымдастырылған сабақтар мен іс-шараларға әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кері байланыстар беріліп отырды.
ӘБ жетекшісі:                Калдыбаева А.Е. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив