«Адал еңбек – адал табыс» » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2026

«Адал еңбек – адал табыс»

15.05.2026 жылы «Сынып жетекші – шәкірт жүрегіндегі шамшырақ» атты сынып жетекшілер апталығы аясында 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары арасында «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды.
Пікірталас барысында оқушылар адал еңбек пен маңдай тердің маңыздылығы туралы өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірімен пікір алмасты. Әр қатысушы тақырып төңірегінде тұщымды ой айтып, дәлелді пікірлерімен ерекшеленді. Оқушылардың белсенділігі мен шешендігі тартысты әрі әсерлі орта қалыптастырды.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік секілді адамгершілік құндылықтарды сіңіру, өз ойын ашық айту мәдениетін дамыту болды.

Ұйымдастырушылар:
Сынып жетекшілері: Бейсембекова М.Н., Баубекова А.Т.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив