"Адал ұрпақ" ұйымы бойынша "Менің әділ әрекетім" тақырыбында мектепішілік қабырға газеті байқауы
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ
«Шабыт» жобасы аясында: «Адал ұрпақ» ұйымы бойынша «Менің әділ әрекетім» тақырыбында мектепішілік қабырға газеті байқауы өткені туралы АҚПАРАТ
«Шабыт» жобасы аясында мектепте «Адал ұрпақ» ұйымының жоспарына сәйкес «Менің әділ әрекетім» тақырыбында мектепішілік қабырға газеті байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау.
Байқауға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз жұмыстарында әділдік, адал еңбек, дұрыс таңдау жасау, шыншылдық секілді тақырыптарды шығармашылық тұрғыда ашып көрсетті. Қабырға газеттері мазмұндылығы, көркемдік безендірілуі және тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, қатысушыларға мадақтамалар табысталды. Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың өмірде адал әрі әділ болуға деген көзқарасын нығайта түсті.