14
май
2026
“Сынып жетекші – шәкірт жүрегіндегі шамшырақ!” атты сынып жетекшілер апталығы
2026 жылдың 14 мамыр күні “Сынып жетекші – шәкірт жүрегіндегі шамшырақ!” атты сынып жетекшілер апталығының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Тағылымы мол шара барысында қатысушылар қызықты ойындарға белсене қатысып, жүрекке жылу сыйлаған тәрбиелік мәні зор өлеңдерді тыңдап, шәкірттеріміздің өнерлерін тамашалады. Кештің мазмұны ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланысты айқындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар апталық аясында өткізілетін іс-шаралардың жоспары таныстырылып, бекітілді. Алдағы уақытта сынып жетекшілері жоспарға сай өз жұмыстарын жоғары жауапкершілікпен атқарып, тәрбиелік бағыттағы тың идеялар мен мазмұнды іс-шараларды жүзеге асырады деген сенімдеміз.