«Балалар кітапханасы» жобасы аясында: «Адал еңбек» тақырыбында іс – шара
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында: «Адал еңбек» тақырыбында іс – шара өткені туралы мәлімет
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханасында «Адал еңбек» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адал еңбек ұғымын түсіндіру, еңбекқорлыққа баулу және адам өміріндегі еңбектің маңызын насихаттау болды. Шара барысында оқушыларға адал еңбек арқылы жетістікке жеткен тұлғалар туралы мәліметтер беріліп, еңбекке байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтылды. Сонымен қатар тақырыпқа сай кітаптар таныстырылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара кезінде оқушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, еңбек ету, жауапкершілік пен табандылық қасиеттерінің адам өміріндегі орны туралы әңгімелер жүргізілді. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің болашақ мамандықтары мен армандары жайында ой бөлісті. Аталған іс-шара оқушылардың еңбекке деген құрметін арттырып, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты. Болашақта да «Балалар кітапханасы» жобасы аясында осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жалғасын табатын болады.