"Адал адам - адал қоғам" тақырыбында пікір алмасу
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ
«Адал адам – адал қоғам» тақырыбында TED форматта пікір алаңы өткізілгені туралы
АҚПАРАТ.
«Адал адам – адал қоғам» тақырыбында 10а, 10ә, 10б сынып оқушыларымен TED форматта пікір алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды адалдық, әділдік, жауапкершілік, азаматтық ұстаным және адамгершілік құндылықтар тұрғысынан ойландыру, дербес пікір қалыптастыруға, қоғамдағы адал азаматты тәрбиелеу.
Пікір алаңы мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Модератор Раскелдина Аида қатысушыларды TED форматының ерекшеліктерімен таныстырып, алаңның мақсат-міндетін түсіндірді. TED форматының басты талаптары – ойды қысқа әрі нақты айту, тыңдаушыларға әсер ету, өз тәжірибесіне сүйену, мәселені жан-жақты талдау.
2. Оқушылардың жеке TED-спичтері
Әр сыныптан алдын ала дайындалған оқушылар сахнаға шығып, өздерінің қысқа мазмұнды, терең ойлы баяндамаларын ұсынды. Баяндамалар «адалдық» ұғымын жеке тәжірибе, қоғам, мектеп, отбасы, заманауи орта тұрғысынан ашуға бағытталды.
Оқушылар шығармашылық түрде мынандай мәселелерді қозғады:
«Адал адам – сенімді тұлға»;
Қазіргі қоғамдағы адалдық пен жауапкершілік өлшемдері;
Интернеттегі жалған ақпарат және сыни ойлау мәдениеті;
Академиялық адалдық (көшіру, тестте алдау, плагиат мәселесі);
«Кіші адалдық» пен «үлкен адалдық» қағидасы;
Қоғамда әділдік пен сенім орнатудың жастарға әсері;
Адалдықтың ұзақ мерзімді жетістікке апаратын қасиет екендігі.
Оқушылар өз ойларын мысалдармен дәлелдеп, өмірден алынған нақты жағдайларды талдады.
3. Пікірталас және сұрақ-жауап бөлімі
TED-спичтен кейін ашық пікірталас ұйымдастырылды. Қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, өзара талдау жасады. Пікір алмасу барысында төмендегі тақырыптар кеңінен талқыланды:
Адал қоғамды қалыптастыруда жастардың рөлі қандай?
Тұрмыстық деңгейдегі әділетсіздіктің себептері мен салдары;
«Өзімнен бастаймын» қағидасының өмірдегі орны;
Мектептегі күнделікті жағдайда адалдықты қалай ұстануға болады?
Оқушылар өзара құрмет, тыңдай білу мәдениетін сақтай отырып, логикалық, дәлелді ойларды ортаға салды.
Модератор Раскелдина Аида іс-шараны қорытындылай келе адалдық – қоғамның дамуы мен өркендеуінің негізгі факторларының бірі екенін, адал адамның әрекеті қоғамдағы сенім мен әділдікті қалыптастыратынын атап өтті.