Материалы за Апрель 2026 года » Страница 5 » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года » Страница 5
«Шебер қолдар табиғатты сақтайды»
10
апрель
2026
«Шебер қолдар табиғатты сақтайды»
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1–4 сынып білім алушылары арасында «Шебер қолдар табиғатты сақтайды» тақырыбында көрме өткізілді. Көрме барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын ұсынып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау идеялары әрбір жұмыстан айқын көрініс тапты. Мұндай шаралар оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға зор
тәлімгерлік сағат
09
апрель
2026
тәлімгерлік сағат
Жоспарға сәйкес, 9 сәуір күні мектебімізде тәлімгерлік сағаты аясында Шалбаев Даулен Жумабековичпен кездесу сабағы ұйымдастырылды. Кездесу барысында қонағымыз өз өмір жолы, жетістіктері мен тәжірибесі туралы айтып, білім алушылармен ашық әңгіме жүргізді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті кеңестер алды. Шараның басты мақсаты – оқушыларға бағыт-бағдар беру, тұлғалық дамуына ықпал ету және тәлімгерлік арқылы өмірлік маңызды құндылықтарды дәріптеу болды. Кездесу өте әсерлі
“Буллинг”
09
апрель
2026
“Буллинг”
Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйін нығайту мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандос Жанабайұлы Бейсембеков “Буллинг” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның зияны мен салдары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір оқушының құқықтары мен міндеттері айтылып, өзара құрмет пен қолдау көрсету мәдениетін қалыптастырудың
кәсіби бағдар
07
апрель
2026
кәсіби бағдар
Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия базасында аудан орталығындағы мектеп оқушыларына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өкілдері келіп, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға университеттегі мамандықтар, білім беру бағдарламалары, оқу шарттары мен қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының артықшылықтары, халықаралық мүмкіндіктері және студенттерге жасалған жағдайлар