Материалы за 21.04.2026 » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
кәсіби бағдар беру
21
апрель
2026
кәсіби бағдар беру
2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында Талдықорған қаласы музыкалық колледжінің мамандары мектептің 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орны туралы толық мәлімет беріп, мамандық түрлерімен, оқу үдерісімен және қабылдау шарттарымен таныстырды. Сонымен қатар, музыкалық бағыттағы білімнің ерекшеліктері, шығармашылық қабілетті дамыту жолдары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңінен
көгалдандыру жұмыстары
21
апрель
2026
көгалдандыру жұмыстары
2026 жылдың 21 сәуір күні мектебімізде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, мектеп аумағына гүлдер отырғызылды 🌸 Шараға мұғалімдер мен білім алушылар белсене қатысып, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Гүл отырғызу барысында аула тазартылып, түрлі гүл көшеттері егілді 🌿 Бұл игі іс білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, еңбекке баулуға үлкен септігін тигізеді. Нәтижесінде мектебіміздің ауласы көркейіп, әсем әрі жайлы орта қалыптасты ✨
Таңғы сергіту
21
апрель
2026
Таңғы сергіту
2026 жылдың 20 сәуір күні мектебімізде мұғалімдер мен білім алушылардың қатысуымен таңғы жаттығу өткізілді 💪 Таңғы сергіту жаттығулары барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, күнді белсенді бастауға мүмкіндік берді. Жаттығу барысында денені шынықтыратын қарапайым қимылдар орындалып, салауатты өмір салтының маңыздылығы насихатталды. Осындай пайдалы бастамалар оқушылардың денсаулығын нығайтып, сергектік пен белсенділікті арттыра түседі