көңілді саяхат
Дүниежүзілік кітап күніне орай өткізілген онкүндік аясында мектеп кітапханасында балалар журналдарының беттері арқылы көңілді саяхат ұйымдастырылды. Жас оқырмандар қызығушылықпен әңгімелер мен ертегілерді оқып, жұмбақтар мен кроссвордтарды шешіп, журналдарда жарияланған лабиринттерден өтті.