Қысқы демалыс кезіндегі ата-аналардың жауапкершілігі. ата-аналар жиналысы » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қысқы демалыс кезіндегі ата-аналардың жауапкершілігі. ата-аналар жиналысы
12
декабрь
2025

Қысқы демалыс кезіндегі ата-аналардың жауапкершілігі. ата-аналар жиналысы

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


ХАТТАМА №4

Мектепішілік ата-аналар жиналысы

Өткізілген күні: 19.12.2025 жыл
 Өткізілген орны: 
Мәжіліс залы
 Қатысқандар: мектеп директоры, ДТІЖО, педагог-ұйымдастырушы, құқық қорғау органы өкілі А. Тасболатова
 Төраға: Мектеп директоры Н.Н. Джексембиева
 Хатшы: 
ДТІЖО Ж.Ж. Бейсембеков


КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қыс мезгіліндегі балалардың жол қауіпсіздігі және жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану.
  2. Қысқы демалыс кезіндегі ата-аналардың жауапкершілігі.
  3. Жаңа жылдық мерекелер кезіндегі қауіпсіздік (шырша, салют, жарылғыш заттарды қолданбау).

1-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ТЫҢДАЛДЫ:

Мектеп директоры Н.Н. Джексембиева кіріспе сөз сөйлеп, қыс мезгілінде күннің ерте қараңғылануына байланысты балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Директор балалардың жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы, жаяу жүргіншілер өткелінен ғана өтуі, жолдың рұқсат етілмеген жерлерінен өтпеуі қажет екенін ескертті. Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың мектепке және үйге қауіпсіз бағытпен қатынауын бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.

Күннің ерте қараңғылануына байланысты балалардың сырт киімдерінде, сөмкелерінде және бас киімдерінде жарық шағылыстырғыш (жарықтандырғыш) элементтердің болуы аса маңызды фйекені түсіндірілді. Жарық шағылыстырғыштар жүргізушілерге балаларды алыстан көруге мүмкіндік беріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді. Осыған орай, ата-аналарға балаларды міндетті түрде жарық шағылыстырғыш элементтері бар киімдермен қамтамасыз ету ұсынылдыОл ата-аналарға балалардың сырт киімдерінде, сөмкелерінде жарық шағылыстырғыш (жарықтандырғыш) элементтердің міндетті түрде болуы жол-көлік оқиғаларының алдын алуда маңызды екенін түсіндірді. Сондай-ақ, балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен өту және жолда абай болу жөнінде үнемі ескертіп отыру қажеттігін айтты.


2-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ТЫҢДАЛДЫ:

 Екінші мәселе бойынша қазақ тілінде ДТІЖО Ж.Ж. Бейсембеков, орыс тілінде педагог-ұйымдастырушы Сегизбаева А. ата-аналарға кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қысқы демалыс кезінде балалардың бос уақыты көбейетінін, осы кезеңде ата-аналардың бақылауы әлсіресе түрлі қауіп-қатерлердің туындауы мүмкін екенін атап өтті. Балалардың мұз қатқан өзен-көлдерде ойнауы, бақылаусыз сырғанақ тебуі, ұзақ уақыт көшеде жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні айтылды.

Сондай-ақ, ата-аналарға балаларды кешкі уақытта жалғыз жібермеу, олардың кіммен және қай жерде жүргенін қадағалау, интернет желісі мен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажеттігі түсіндірілді. Балалардың сырт киімдерінде жарық шағылыстырғыш элементтерді тұрақты түрде тағып жүруін қамтамасыз ету ата-аналардың тікелей міндеті екені қайта ескертілді.

Қысқы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналардың жауапкершілігін талап ететін маңызды мәселе екені атап өтілді.

Сонымен қатар, балалардың сыртқы киімдерінде жарық шағылыстырғыш элементтерді тұрақты түрде тағып жүруін қамтамасыз ету ата-аналардың міндеті екені ескертілді.

3-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ТЫҢДАЛДЫ:

Көксу ауданының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі полиция капитаны А. Тасболатова сөз алып, ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, демалыс уақытындағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде салют, фейерверк және басқа да жарылғыш заттарды қолдануға қатаң тыйым салынатынын, жаңа жылдық шыршаны орнату барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін айтты. 

Ол ата-аналарға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу және демалыс уақытында қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде кеңінен түсіндірді. Жаңа жыл мерекесін атап өту кезінде салют, фейерверк, петарда сияқты жарылғыш заттарды қолдану балалардың өміріне үлкен қауіп төндіретінін айтып, олардың қолданылуына қатаң тыйым салынатынын ескертті.

Сонымен қатар, жаңа жылдық шыршаны орнату барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр шамдарын дұрыс пайдалану, ашық от көздерін қолданбау қажеттігі ата-аналардың назарынa жеткізілді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жиналыс барысында қыс мезгілінде және қысқы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға жауапкершілік жүктелетіні, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Балалардың жол қауіпсіздігі, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану, демалыс уақытындағы бақылау және жаңа жылдық мерекелердегі қауіпсіздік шараларын сақтау басты назарда болуы тиіс.


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қыс мезгілінде балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарық шағылыстырғыш элементтері бар киімдерді міндетті түрде кигізу ата-аналарға жүктелсін.
  2. Қысқы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі күшейтілсін.
  3. Жаңа жылдық мерекелерде салют, фейерверк және жарылғыш заттарды қолдануға жол берілмесін.
  4. Қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілсін.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив