«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» Ата аналар жиналысы
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ХАТТАМА №1
Жиналыс атауы: Мұғалімдер жиналысы
Өткізу тақырыбы: «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі»
Өткізілген күні: 2025 жылғы 22 қыркүйек
Өткізілген уақыты: 16:00
Өткізілген орны: Мәжіліс залы
Қатысқандар 38
Жетекшісі: Мектеп директоры Н.Н.Джексембиева
Күн тәртібі:
- Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы.
- Мектеп ішіндегі және сыртындағы қауіпсіздік шараларын күшейту.
- Оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігін қадағалау.
- Ата-аналармен бірлескен жұмыс формаларын талқылау.
- Мектепте төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын пысықтау.
Жиналыс барысы:
1. Кіріспе сөз:
Мектеп директоры Н.Н.Джексембиева жиналысты ашып, бала қауіпсіздігінің бүгінгі қоғамдағы маңызына тоқталды. Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі – қоғам болашағының кепілі екендігі атап өтілді.
2. Баяндамалар:
- Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Бейсембеков: Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеудің тиімді әдістерін ұсынды. Ата-аналар жиналыстарында бала қауіпсіздігіне байланысты ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі,үштік одық құра отырып ата-ана,бала мұғалім арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолдары мен ұсыныстар айтты
- Пән мұғалімі М.Н.Бейсембекова : Оқушылардың киберқауіпсіздігін сақтау жолдарына тоқталды. Интернеттегі қауіп, әлеуметтік желідегі алаяқтық пен кибербуллингтің алдын алу туралы айтып, буллинг пен кибербуллингке итермелеген кәмелетке жасы толмағандардың қандай жаза болатынын атап айтып әкімшілік құқық
- Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары А.Орысбаев: Мектеп аумағындағы қауіпсіздік ережелерінің орындалуы, бақылау жүйесі және күзет жұмыстары туралы ақпарат берді.Сонымен қатар мектеп ауласымен ішінде орналасқан бейне бақылаулар туралы ақпарат беріп,алдағы уақытта тағы 15 бейне бақылау камерасына тапсырыс беріліп отырғаны хабарланды
3. Талқылау:
Мұғалімдер тарапынан оқушылардың мектепке келу-кету бағытындағы қауіпсіздік, үзіліс кезіндегі бақылау, мектеп асханасының санитарлық жағдайы, төтенше жағдай кезіндегі эвакуация жоспары сынды мәселелер көтерілді.
ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:
- Бала қауіпсіздігіне байланысты барлық мұғалімдерге жауапкершілік арттыру.
- Мектеп ішіндегі бейнебақылау жүйесінің жұмысын қатаң қадағалау.
- Әр сынып жетекшісіне оқушылармен қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама жүргізу (аптасына кемінде 1 рет).
- Ата-аналармен бірлесе отырып, қауіпсіздік туралы семинар ұйымдастыру.
- Киберқауіпсіздік бойынша мектеп оқушыларына арнап тәрбие сағатын өткізу.
Жиналыс төрағасы: Н.Н.Джексембиева
Хатшы: Ж.Ж.Бейсембеков