: «Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік» Ата-аналар жиналысы » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2026

: «Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік» Ата-аналар жиналысы

«МЕДЕУБАЙ ҚҰРМАНОВ АТЫНДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ХАТТАМА № ___

Тақырыбы: «Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік» Ата-аналар жиналысы

Өткізілген күні: 18 наурыз 2026 жыл 

Уақыты: 11:00 – 12:20

Өткізілген орны: Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектептің мәжіліс залы Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі, педагогтар, шақырылған қонақтар (Көксу АПБ, ТЖБ өкілдері), 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары 

Күн тәртібі:

  1. Кіріспе сөз. Мектеп директоры Н.Н. Джексембиева.
  2. Ата-аналарға арналған тренинг. Мектеп психологы А. Есенбол.
  3. «Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік» / «Безопасность во время весенних каникул». ДТІЖО Ж.Ж. Бейсембеков, педагог-ұйымдастырушы А. Сегизбаева.
  4. Менторлық жұмыс және медиация. Әдеп, құқық жұмысы жөніндегі ментор А. Жебеген.
  5. Ата-аналарға балалар қауіпсіздігі туралы ақпарат. Көксу АПБ ҚҚБ бастығы, полиция майоры А.Ж. Кабдыгалиев, Көксу ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Тусупбеков.
  6. Ұсыныстар қабылдау, кері байланыс.

I. ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша: Мектеп директоры Н.Н. Джексембиева жиналысты ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Ол көктемгі демалыс кезеңінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының қажеттілігіне тоқталды. Жиналыстың негізгі мақсаты — қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу екенін ескертті.

Екінші мәселе бойынша: Мектеп психологы А. Есенбол ата-аналармен шағын тренинг өткізді. Тренинг барысында демалыс уақытында баламен тиімді қарым-қатынас орнату, олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету жолдары талқыланды. Ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Үшінші мәселе бойынша: ДТІЖО Ж.Ж. Бейсембеков және педагог-ұйымдастырушы А. Сегизбаева «Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік» тақырыбында баяндама жасады (қазақ және орыс тілдерінде). Баяндамашылар көктем мезгіліне тән қауіптерге (су айдындарындағы мұздың жұқаруы, жол көлік оқиғалары, көшедегі қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі) тоқталып, балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу әдістерін көрсетті. Арнайы жадынамалар мен көрнекіліктер ұсынылды.

Төртінші мәселе бойынша: Әдеп, құқық жұмысы жөніндегі ментор А. Жебеген менторлық жұмыс және медиацияның маңызы туралы сөз қозғады. Ол мектептегі құқық бұзушылықтардың алдын алу, даулы жағдайларды медиация тәсілімен шешу жолдары және баланың құқықтық сауаттылығын арттырудағы ата-ананың ролі туралы ақпарат берді.

Бесінші мәселе бойынша: Шақырылған қонақтар сөз алды. Көксу АПБ ҚҚБ бастығы, полиция майоры А.Ж. Кабдыгалиев балалардың жол ережесін сақтауы, кешкі уақытта үлкендерсіз жүруге шектеулер, интернет желісіндегі қауіпсіздік және әкімшілік жауапкершілік туралы нақты мысалдармен түсіндірді. Көксу ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Тусупбеков көктемгі су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы нұсқаулықтар берді.

Ата-аналар тарапынан демалыс кезіндегі үйірмелердің жұмыс кестесі, мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыру және балалардың интернеттегі уақытын бақылау әдістері туралы сұрақтар қойылды. Сұрақтарға мектеп әкімшілігі мен шақырылған мамандар толық жауап берді.

II. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. Ата-аналар жиналысында берілген «Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік» туралы ақпарат назарға алынсын.
  2. Ата-аналарға көктемгі демалыс кезінде (___ нарыздан ___ нарызға дейін) балаларының өмірі мен денсаулығына, олардың жүріс-тұрысына толық жауапкершілік жүктелсін.
  3. Мектеп әкімшілігі:
    • Ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып, демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарын (кітапхана, спорт залы) қайта қарауды және бекітуді;
    • Қауіпсіздік ережелері бойынша жадынамаларды сынып жетекшілері арқылы барлық ата-аналарға жеткізуді (электронды және қағаз түрінде) ұйымдастырсын.
  4. Сынып жетекшілері демалыс қарсаңында оқушылармен техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша қосымша нұсқаулықтар өткізсін.
  5. Осы хаттаманың орындалуын бақылау мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж. Бейсембековке жүктелсін.

Жиналыс төрағасы: ___________ Н.Н. Джексембиева 

Жиналыс хатшысы: ___________   А.Сегизбаева  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив