«Бірлескен әрекет — сапалы білімнің кепілі» ата-аналар жиналысы » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2025

«Бірлескен әрекет — сапалы білімнің кепілі» ата-аналар жиналысы

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ХАТТАМА №3

Тақырыбы: «Бірлескен әрекет — сапалы білімнің кепілі»
 Өткізілген күні: 2025 жылғы 
3 қазан
 Өткізілген орны: 
Мәжіліс залы
 Қатысқандар: 
105

Күн тәртібі:

1.Жалпы  тазалық  және  тұмау.Тұмаудың алдын алу шаралары.                                                                     

2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар.                                                                 

3.Әртүрлі мәселелер:


Жиналыс барысы:

1.Кіріспесөз:


 
            Мектеп директоры Н.Н.Джексембиева,бүгін біз өзіміздің ортақ міндетіміз – балаларымыздың сапалы білім алып, тәрбиелі, саналы азамат болып қалыптасуы жолындағы атқарып жатқан жұмыстарымызды саралап, бірлесе отырып пікір алмасуға жиналып отырмыз.

Мектебімізде оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, тәрбиесі мен білім сапасы әрдайым басты назарда. Осы ретте оқушыларымыздың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сынды адами құндылықтарды қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы, сонымен қатар, алдағы қыс мезгілінде жиі кездесетін тұмау ауруының алдын алу шаралары туралы кеңірек ақпарат берілетін болады.

Бала – біздің болашағымыз. Сол себепті, мектеп пен ата-ананың тығыз байланыста болып, өзара түсіністікпен әрекет етуі – табысты тәрбиенің кепілі.

Мектеп медбикесі Құрманғали Аружан сөз алып, Ол жалпы тазалықтың маңызын, тұмаудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Тұмау – тыныс алу жолдарын зақымдайтын, вирустар арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Әсіресе күз-қыс мезгілінде тұмау кеңінен таралады.

Тұмаудың алдын алу шаралары:

  1. Қоғамдық орындарда бетперде (маска) тағу;
  2. Қолды сабындап жиі жуу, антисептик қолдану;
  3. Жеке гигиена ережелерін сақтау (жөтелгенде ауызды жабу, бет-ауызды қолмен ұстамау);
  4. Ағзаның иммунитетін көтеру (дұрыс тамақтану, дәрумендер қабылдау, спортпен айналысу);
  5. Дәрігер кеңесінсіз өзін-өзі емдеуге болмайды;
  6. Ауру белгісі байқалған жағдайда мектепке келмей, үйде ем қабылдау қажет;
  7. Мектеп пен үй-жайларды жиі желдету, тазалық жұмыстарын күшейту.

Ата-аналардан балаларын таза киіндіруге, жеке бас гигиенасына көңіл бөлуге шақырды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Бейсембеков «Адал азамат» – білім беру ұйымдарында оқушылардың адалдық, әділдік, парасаттылық, патриоттық сияқты құндылықтарын қалыптастыруды көздейтін біртұтас тәрбие бағдарламасы. Бағдарлама аясында еліміздегі барлық мектептерде түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде 6 жоба мен қоса АПҚО іске асырылып келе жатыр:

«Балалар кітапханасы», «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala»,осы жобалар жұсеге асырылып жыл соңында «Жобалар жәрмеңкесі» өтіп ұздік жобалар марапатталатын болады деп сөзін аяқтады.

Әртүрлі мәселелер бойынша Ата-аналар тарапынан 

1.  Балалардың телефон қолдану уақытын шектеу;

2.  Қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3.  Мектеп ауласын жарықтандыру.

деген ұсыныстар айтылды.


Қаулы етілді:

  1. Тұмаудың алдын алу бойынша барлық ата-аналар өз балаларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
  2. «Адал ұрпақ» жобасы аясында ата-аналармен бірлескен іс-шара ұйымдастырылсын.
  3. Сыныптағы үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыс ұйымдастыру туралы пән мұғалімдерімен келісілсін.
  4. Ата-аналар комитеті мектеп әкімшілігіне жарықтандыру мәселесін жеткізсін.


Жиналыс төрайымы: мектеп директоры                   Н.Н.Джексембиева 

Хатшы:                        ДТІЖО                                              Ж.Ж.Бейсембеков



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив