28
январь
2026
“Әке - тәрбие мен тәртіптің тірегі”
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және “Заң мен тәртіп” айлығының жоспарына сәйкес “Әке - тәрбие мен тәртіптің тірегі” атты аудандық форум өтті. Форумның мақсаты - отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау, жас ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке және заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу.
Аталған форумда мектебіміздің “Өзін - өзі басқару” ұйымының президенті Қайырхан Бейбарыс Ануарұлы “Менің әкем - менің мақтанышым” тақырыбында мазмұнды сөз сөйледі. Өз сөзінде ол әкесінің өмірлік ұстанымдары, еңбекқорлығы, адалдығы мен тәртіптілікке негізделген тәрбиесі туралы айтып өтті. Сонымен қатар әкенің жеке үлгісі баланың тұлға болып қалыптасуына, заңды құрметтеуге және қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне зор ықпал ететінін ерекше атап өтті.
Сөз соңында оқушы әке тәрбиесінің маңыздылығын насихаттай отырып, барлық жастарды ата - ананы құрметтеуге, жауапкершілікті сезінуге және “Адал азамат” қағидаттарын өмірлік ұстаным етуге шақырды.