7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні» аясында өткен іс – шара туралы мәлімет » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні» аясында өткен іс – шара туралы мәлімет
04
май
2026

7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні» аясында өткен іс – шара туралы мәлімет

7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай мектебімізде мерекелік құттықтау іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп ұжымындағы ер азаматтар мерекемен құттықталып, оларға ізгі тілектер мен жылы лебіздер айтылды. Мерекелік шарада Отан қорғаушылардың қоғамдағы рөлі мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы атап өтілді. Ұжым атынан ер азаматтарға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріне табыс пен жетістік тілектер білдірілді. Іс-шараның мақсаты – мектеп ұжымындағы сыйластық пен бірлікті нығайту, әріптестерге құрмет көрсету және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив