8 Наурыз - "Халықаралық әйелдер күні" » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2026

8 Наурыз - "Халықаралық әйелдер күні"

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі» КММ 

8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» аясында мектепішілік іс – шара өткені туралы

АҚПАРАТ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектепте мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған шараға мектептің “Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелері белсене қатысып, мерекенің мазмұнды әрі әсерлі өтуіне өз үлестерін қосты.

Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздар қауымы мен аналарды, ару қыздарды құрметтеп, олардың қоғамдағы және отбасындағы ерекше орнын дәріптеу болды. Мерекелік кеш барысында оқушылар аналарға, ұстаздарға арнап жүрекжарды өлеңдер оқып, әсем әндер шырқап, мың бұрала билерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, оқушылар дайындаған шағын қойылымдар мен көріністер анаға деген шексіз махаббат пен алғысты әсерлі түрде жеткізді. Мектеп ұжымы қыз-келіншектерге жылы лебіздерін білдіріп, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Мерекелік шара ерекше әсерге толы болып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас сәттер сыйлады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив