Көрісу күні » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2026

Көрісу күні

Көрісу күні:14 наурыз — Көрісу күніне орай мектебімізде ұлттық дәстүрді ұлықтауға арналған тағылымды әрі әсерлі концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға Көксу аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бәзілов Сайлаубай Бәзілұлы және ардагер ұстаздар, ауданымыздың ақсақалдары, аяулы әжелер арнайы қатысып, ақ баталарын беріп, жылы лебіздерін білдірді.
 Іс-шара барысында жас мамандардың ұйымдастыруымен ұлттық дәстүр мен үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге бағытталған көріністер, ән мен жырлар ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ақсақалдар мен ардагер ұстаздардың өнегелі әңгімелері мен ақыл-кеңестері жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын айқындай түсті.
 
 Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, үлкенді құрметтеу, амандасу дәстүрі жас буынға үлгі ретінде насихатталды. Мерекелік кездесу барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, татулық пен сыйластықтың жарқын көрінісіне айналды. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив