"Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні"
«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ бойынша
«Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні» тақырыбында арнайы сабақтар өткені туралы
АҚПАРАТ
Ақпан айының жоспарына сәйкес 3 ақпан 2026 жылы мектепте «Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне» орай оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, киберқауіптердің алдын алу және цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында информатика пәні мұғалімдері арнайы сабақтар ұйымдастырып өткізді.
Аталған іс-шараға мектептің білім алушылары қамтылды. Сабақ барысында оқушыларға интернет желісін қауіпсіз пайдалану ережелері, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары, зиянды контенттен сақтану жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушылармен бейнематериалдар көрсетіліп, практикалық тапсырмалар орындалды және жағдаяттық сұрақтар талқыланды. Оқушылар интернеттегі жауапкершілік, цифрлық әдеп және құқықтық нормалар жөнінде өз ойларын ортаға салды.Өткізілген сабақтар нәтижесінде білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздік туралы білімдері кеңейтіліп, саналы әрі жауапты интернет қолдану дағдылары қалыптастырылды.Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.