20 қараша дүниежүзілік балалар күні: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында онкүндік » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 20 қараша дүниежүзілік балалар күні: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында онкүндік
19
ноябрь
2025

20 қараша дүниежүзілік балалар күні: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында онкүндік

«Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектеп» КММ

20 қараша дүниежүзілік балалар күні: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында онкүндік өткені туралы

АҚПАРАТ

Алдын алу шаралары: «Буллингтен қорған» тақырыбына сәйкес құзырлы органдарымен тақырыптық кездесу.

“Гендерлік зорлық - зомбылыққа қарсы белсенді әрекет” 16 күн акциясына орай Көксу АПБ ҚҚБ ОТЗЗҚҚт-ның испекторы полиция аға лейтенанты Шайқазан Рахима Батыржанқызының қатысуымен және “Жанұя” отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен мектеп білім алушыларымен жасөспірімдер арасында “Кибербуллинг және “Буллинг” тақырыбында семинарөткізді. Мақсаты: Оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың және Кибербуллинг және буллингтің алдын алу.Оқушыларды қауіпсіз және белсенді өмір сүруге шақыру!

Семинар модераторы – инспектор Шайқазан Рахима Батыржанқызы қатысушыларға акцияның мәні, гендерлік зорлық пен зомбылыққа қарсы күрестің маңызы туралы ақпарат берді. Жасөспірімдерге буллинг, кибербуллинг, олардың психологиялық және әлеуметтік әсері түсіндірілді.

Семинар барысында келесі тақырыптар қамтылды: Буллинг және кибербуллинг түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, интернет-буллинг);

Қорлау мен мазақтың заңдық және моральдық салдары;

Жасөспірімдер үшін қауіпсіздік ережелері;

Достық, сыйластық және әлеуметтік жауапкершілік;

Қорлыққа ұшыраған жағдайда әрекет ету жолдары, құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттілігі.

Семинар соңында оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар жасады. Полиция аға лейтенанты Шайқазан Р.Б. қорытындылап, буллинг пен кибербуллингке қарсы әрекет көрсету, өз құқықтарын қорғау және бір-біріне қолдау көрсету – әр оқушының жауапкершілігі екенін атап өтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив