Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Жетісу облысы білім басқарасының 24.02.2026ж. 42-42/165 хатына сәйкес Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 16-бабы 2-тармағының 12 тармақшасына сәйкес «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» атты ұранымен 2026 жылғы 2 наурыз күні Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай М.Құрманов атындағы №2 орта мектепте оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылар мен қызметкерлердің іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру және алдын алу шараларын түсіндіру.
Оқу-жаттығу барысында оқушыларға қауіпсіздік талаптары, эвакуациялау тәртібі және төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілері оқу-жаттығудың барысы туралы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Р.Қ.Қалдарбековке баяндама берді. Өз кезегінде Р.Қ.Қалдарбеков мектеп директорына оқу-жаттығу нәтижелері бойынша есеп берді.
Іс-шара барысында шартты түрде жарақат алған оқушыға мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетті. Барлық шаралар жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, қауіпсіздік талаптары сақталып өткізілді.