«Ұлттық киім күні»: » Жетісу облысы Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
март
2026

«Ұлттық киім күні»:

«Ұлттық киім күні»: Наурыз мейрамы қарсаңында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында мектепте «Ұлттық киім күні» ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу, олардың тарихы мен маңызын түсіндіру, оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.Бұл күні мектеп оқушылары мен ұстаздары ұлттық киімдер киіп, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін таныстырды. Қатысушылар ұлттық киімдердің ерекшеліктері, олардың ою-өрнектерінің мәні мен тәрбиелік маңызы туралы мәліметтер берді. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы шағын таныстырылымдар мен фотосессиялар ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

 «Ұлттық киім күні» ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, оқушылардың ата-баба мұрасына деген құрметін арттыруға және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив