Республикалық деңгейде «Поэзия» байқауы
Республикалық деңгейде «Поэзия» байқауы өткені туралы
МӘЛІМЕТ
Мектебіміздің «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Бейбарыс Қайырхан республикалық деңгейде өткен Поэзия байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. Аталған байқау Таулы Қарабах ардагерлерінің Республикалық Одағы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп, жас дарындардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, поэзияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Байқау барысында Бейбарыс көркем сөз оқу шеберлігі мен поэзияға деген ерекше ынта-ықыласын танытып, өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Жас дарынның жетістікке жетуіне жетекшілік еткен ұстазы, педагог – ұйымдастырушы Айгерим Кайпжановна Сегизбаева оқушының шығармашылық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосты.
Бұл жетістік – табандылықтың, шығармашылық ізденістің және ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегінің жемісі. Мектебіміздің мерейін асқақтатқан жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бейбарысқа алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! Жеңістерің көп болсын!