«Отан қорғау – қасиетті борыш» ерлік сағаттары өткені туралы мәлімет
Жоспарға сәйкес мектебімізде «Отан қорғау – қасиетті борыш» тақырыбында ерлік сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Отан қорғаудың қасиетті борыш екенін түсіндіру, патриоттық сезімін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу және әскери қызметке құрмет қалыптастыру. Ерлік сағаттары барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы мағлұмат беріліп, Отанды қорғаудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ел тарихында ерлігімен танылған батырлардың өмір жолы мен ерлік істері туралы ақпарат берілді. Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа байланысты пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауап арқылы белсенділік танытты. Ерлік сағаттары жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.
Өткізілген іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушыларға тәрбиелік және танымдық жағынан әсерлі болды.